2024 жылғы 15 мамырда Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында “Бресттен Берлинге дейін: Жеңіс тарихы” атты халықаралық бейнемост өтті. Шара Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және ТМД кеңістігіндегі нацизмге қарсы күрестегі Бейбітшілік пен Бірлік жылына арналды.

Бейнемост Google Meet платформасында онлайн форматта өтті. Іс-шараны ұйымдастырған – Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы. Тікелей эфирге Беларусь Республикасындағы М. Горький атындағы Брест облыстық кітапханасының, Ресей Федерациясындағы Пенза облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының өкілдері қосылды. Ж. Бектұров атындағы кітапхананың акт залында және экранның арғы бетінде Қарағанды, Брест, Пенза қалаларындағы мектеп оқушылары, кітапханашылар, тарихшылар мен ұстаздар тыңдаушы ретінде қатысты. Модератор – Ж. Бектұров атындағы ҚОЖК басшысының орынбасары Надежда Федоровна Шмойлова.

Қазақстан тарапынан баяндама жасағандар:

Жұмашев Рымбек Мұратұлы – тарих ғылымдарының докторы, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің археология, этнология және отандық тарих кафедрасының профессоры. Ол «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Қазақстан. Қазақстандықтар – Беларусь үшін шайқаста» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады.

Қазыбек Нұржанов атындағы гимназияның 11 «А» сынып оқушылары Адель Асылханова мен Дана Есимова жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры Қазыбек Нұржанов туралы хабарлама ұсынды. Олардың сөзінде Нұржанов басқарған отрядтың Беларусьтегі Волковыск қаласын азат етудегі рөлі ерекше аталып өтті.

Мартбек Мамыраев туралы баяндаманы Қарағанды қаласындағы оның есімімен аталған мектеп-интернаттың оқушылары таныстырды. Тыңдаушылар Мартбек Мамыраевтың Беларусьтегі шайқастарда көрсеткен ерліктері туралы мағлұмат алды.

Сондай-ақ оқушылар Мұқағали Мақатаев, Қасым Аманжолов және басқа да қазақ ақындарының патриоттық өлеңдерін тебірене оқыды.

Қарағандылық жазушы, полиция полковнигі (зейнеткер) Қанат Саттарұлы Каренов соғыс туралы жазған «Қарлығаштар қашан оралады» атты кітабын таныстырды.

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайының экскурсия және бұқаралық бөлімінің жетекшісі Снежана Владимировна Черкаева «1941–1945 жылдардағы Қарағанды» тақырыбындағы көркемсурет галереясы бойынша виртуалды экскурсия жүргізді.

Надежда Федоровна Шмойлова Жеңістің 80 жылдығына орай Ж. Бектұров атындағы кітапханада өтіп жатқан іс-шаралар жайында айтып берді.

Брест қаласынан қатысқан оқушылар Брест қамалын қорғаушылар мен партизан қозғалысына қатысушылар туралы тебірентерлік және әсерлі әңгімелерімен бөлісті.

Көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырған тақырып – «Брест қамалы қорғаушылары атындағы №1 гимназия мұражайының тарихы және «Іздеу» тобының жұмысы».

М. Горький атындағы Брест облыстық кітапханасының маркетинг және әлеуметтану бөлімінің меңгерушісі Виктория Александровна Михайлова Жеңістің 80 жылдығына арналған жобалар мен ресурстарды таныстырды.

Пенза қаласынан қосылған жастар келесі баяндамалармен сөз алды: «А.М. Кижеватов – отты гарнизонның командирі» – Брест қамалының қаһарман қорғаушысы Андрей Митрофанович Кижеватов туралы және «Пенза – еңбек даңқының қаласы» – соғыс жылдарындағы тыл еңбегі туралы.

Бейнемост әр елден қатысқан жастардың еркін онлайн-әңгімесімен қорытындыланды.