Балаларға қызмет көрсету бөлімінде 3 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Ата заңым- айбыным!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
№4 мектеп -интернат оқушыларына рәміздердің шығу тарихы мен қалыптасу кезеңдері және ұлттық нышандардың авторлары жайында бейне ақпарат беріліп, «Сіз, өз еліңіздің рәміздерін білесіз бе?» атты викториналық сұрақтар қойылды. «Отан, туған жер, ел» жайлы мақал-мәтелдер айтылып, берілген әріптерден Әнұран, Елтаңба, Ту, Қазақстан, Отан сөздерін құрап жазды. Шара соңында кітап көрмесіне шолу жасалып, «Менің Қазақстаным», «Көк байрақтай көк жейде», «Біздің Отанымыз Қазақстан» тағы басқа әдебиеттер оқырмандар назарына ұсынылды.
http://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1767-3-iyunya-2025#sigFreeIdf5a55ea4e8