4 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде «Қазақстан рәміздері - ел тарихы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеде мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңызы, авторлардың өмірбаяны туралы кітаптар мен мерзімді басылымдардан мақалалар ұсынылды. Олардың қатарында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы», «Мен Қазақстан азаматымын», Е.Шаймерденовтің «Елтаным», «Елтану әліппесі», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны», «Государственные символы Республики Казахстан», Ы.Сағынтаевтың «Қазақстан Республикасының рәміздері», И.В.Ерофееваның «Символы казахской  государственности», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері Тәуелсіздік нышандары», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік рәміздері» және т.б. Көрмедегі кітаптарға шолу жасалды.