4 маусымда — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Қарағанды қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағында жазғы «Оқитын Қарағанды» акциясы өтті.
Қала тұрғындары мен қонақтарының назарларына Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Қазақстан рәміздері – ел тарихы» атты әдеби көрме ұсынылды. Көрмені жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімі ұйымдастырды. Сонымен қатар, бөлім мамандары қала тұрғындарын кітапханамен бірге «BookSwap: оқиғаларды өзгерту!» атты ерекше кітап алмасуға қатысуға шақырды.
Балаларға қызмет көрсету бөлімі «Бақыт, күн, достық – балаларға керегі осы!» атты түрлі-түсті ойын алаңын ұйымдастырды.
Сирек кітаптар, қолжазбалар және мұражай жәдігерлері секторы Ж. Бектұров атындағы мұражай қорынан алынған «Сирек кітаптар» шолуын ұсынды.
Алаңдардың бірі Алтын Орданың 755 жылдығына арналды. Іс-шараға келгендерге кітапхананың библиографтары «Алтын Орданың тарихы» тақырыбында ақпарат ұсынып, Шыңғыс әулетінің Дала империяларына арналған кітаптармен таныстырды. Ұлы Даланың ортағасырлық мемлекеттерінің қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы маңызы, саяси дәстүрлер мен мемлекеттік рәміздердің сабақтастығы – тәуелсіз Қазақстан рәміздерінің негізі екені ерекше атап өтілді.
http://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1774-4-mausym-2025-zh#sigFreeIde532d0365a