Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні мен экологтар күніне орай балаларға қызмет көрсету бөлімінде «Таза экология – салуатты өмір» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – оқырмандардың назарын қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығына аудару, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Көрмеде балаларға табиғатты қорғаудың маңыздылығын, қазіргі таңдағы экологиялық мәселелерді және әр адамның экологияны жақсартуға қосатын үлесі туралы мәлімет беретін басылымдар ұсынылды.
Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні мен экологтар күні аясында балалар арасында «Таза болса табиғат – аман болар адамзат» атты сурет байқауы өткізілді.
Байқауға қатысушылар өз жұмыстарында табиғатқа деген сүйіспеншілікті, Жерге деген қамқорлықты және адамның өмірі үшін таза қоршаған ортаның маңыздылығын бейнеледі. Байқау балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және экологиялық сананы насихаттауға ықпал етті.
Іс-шара жылы әрі танымдық атмосферада өтті. Балаларға ерекше әсер қалдырып, табиғатты аялауға деген ынталарын арттырды.
http://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1775-5-mausym-2025#sigFreeIdbb346405ba