27 маусым күні «Әділ қоғам» жобасы аясында ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Қарағанды облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызметшілермен кездесу ұйымдастырылды.
Ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ф.ғ.д., профессор Берік Серікбайұлы Рахимов дәріс оқып, Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының басшысы Н.Каленова «Әділ қоғам» жобасының тұжырымдамасымен таныстырды.
Профессор, абайтанушы Б.С. Рахимов Абай шығармаларындағы ар-ождан, әділеттілік және абырой тақырыбы туралы айтып, адалдық пен әділдік қағидаттарын нығайту бойынша мемлекеттік стратегияға бағытталған Әділ қоғам құрудағы қағидалар туралы айтып өтті.
Аталған іс-шарада Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» атты көрме-инсталляциясын ұйымдастырып, таныстырылымын жасады.
Шараның мақсаты – Абай мұрасын насихаттау, парасаттылық пен адалдық қағидаттарын дәріптеу.
Қатысушылар ұлы ақынның рухани мұрасы мен терең ойларына тағы бір мәрте үңіліп, оның бүгінгі қоғам үшін маңыздылығына көз жеткізді.
https://www.instagram.com/p/DLUv9j7oH3P/
http://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1802-27-mausym-2025#sigFreeIddf7fb5feaa