18 қыркүйек күні Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Әділ қоғам» жобасы аясында «Шәкәрім өсиеті - адалдық айнасы» атты дөңгелек үстел іс-шарасы өтті.

Іс-шараның мақсаты: Шәкәрім Құдайбердіұлының адамгершілікке, адалдыққа, рухани тазалыққа негізделген өсиеттерін талдау, жастарды имандылық пен парасаттылыққа баулу.

Спикер - академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық зерттеу университетінің филология факультетінің қазақ әдебиеті кафедрасының профессор-ассистенті, доцент Айтбай Ботпайұлы Жұмағұлов.

Іс-шараға қатысушылар: «Шәкәрім атындағы гимназия» ҚММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Асылбек Мұратұлы Сүлейменов,

Қарағанды «BoIasһag» жоғарғы колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Қайрат Берікболұлы Иманбеков.

Сонымен бірге Шәкәрім атындағы гимназияның мұғалімдері мен оқушылары және Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжінің студенттері қатысты.

Шара барысында Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы, әдеби мұрасы туралы бейнероликтер көрсетілді. Кітап көрмесіне шолу жасалды.