18 қыркүйек күні Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері «Н.Әбдіров атындағы ЖББМ» КММ оқушыларының қатысуымен @school_n.abdirova.krg «Соғыста қарумен, бейбіт күнде қаламмен қызмет еттім...» деп жырлаған Ұлы Отан соғысының ардагер жазушысы, драматург, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қалмұқан Исабаевтың 100 жылдығына арналған ерлікке толы өнегелі өміріне арналған кездесу - диалог өтті.
Іс-шара барысында оқушылар Қалмұқан Исабаевтың өмірбаянын видео-үзіндіден тамашалады. Ұлы Отан соғысы тақырыбы туралы сұрақтарға жауап беріп, жазушының қаламынан шыққан «Шоң би», «Өсиет», «Өрде», «Жұмбақ үй» т.б. кітаптарымен танысты.
Ардагер жазушының жүріп өткен дара жолы ғасырлар өтсе де, халқының жүрегінде мәңгілікке қалары сөзсіз. Оның жасап өткен әрбір асыл ісі, ғибратты шығармасы, мазмұнды ғылыми жазбалары бәрі де тәрбиенің көзі халыққа бұйырған бақ. Қалмұқан Исабаевтың мол мұрасы ешқашан да өшпейді, бұл сарқылмас қазына, ұрпаққа аманат!
http://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1872-18-yrk-jek-2025-2#sigFreeId49431eadfc