2025 жылғы 21 қазанда, Кітапханашы күні қарсаңында, «Сарыжайлау» кинотеатрында «Менің мамандығым – менің таңдауым» атты салтанатты шара өтті. Іс-шара барысында жылы лебіздер айтылып, кітапхана саласының ардагерлеріне құрмет көрсетілді, сондай-ақ аймақтың үздік кітапханашылары марапатталды.
Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері де жоғары марапаттарға ие болды:
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Құрмет грамотасымен» – негізгі қорды сақтау секторының жетекшісі Носова Светлана Николаевна марапатталды;
Қарағанды облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Құрмет грамотасымен» – әдебиеттерді толықтыру және өңдеу бөлімінің жетекшісі Фахрутдинова Мадина Харбингалиевна марапатталды;
Қазақстан кітапханалық одағының (Алматы қ., ҚР Ұлттық кітапхана) «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен – жасөспірімдермен жұмыс және бұқаралық іс-шаралар бөлімінің жетекшісі Картабаева Жанара Жумашевна марапатталды;
Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық кітапхананың «Құрмет грамотасымен» ақпараттық-библиографиялық бөлімнің жетекшісі Лебедов Олег Владимирович марапатталды.
Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығына және Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясының құрылуына 35 жыл толуына орай «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіподағы» ҚОФ ҚБ тарапынан құрмет грамоталары мен алғыс хаттарымен төмендегі қызметкерлер марапатталды: ақпараттық-библиографиялық бөлімнің кітапханашысы Казтаева Раушан Рахимтаевна, аудармашы Аширбекова Айгуль Болысбековна, ақпараттық-библиографиялық бөлімнің жетекшісі Лебедов Олег Владимирович, жасөспірімдермен жұмыс және бұқаралық іс-шаралар бөлімінің кітапханашысы Бегазықызы Мадина.
Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз, шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз.
http://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1924-21-azan-2025#sigFreeIdc37bfd7cda