14 қарашада балаларға қызмет көрсету бөлімінде Қазақстанның ұлттық валютасы-теңге күніне арналған «Ұлттық валюта тарихы» кроссворд – көрмесі рәсімделді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың Қазақстанның ұлттық валютасы туралы білімдерін кеңейту.
№97 гимназияның 2-сынып оқушыларына кітапханашы теңгенің тәуелсіздік пен егемендіктің нышаны екені, оның дизайны мен қорғаныс элементтерінің өзгеру тарихы туралы әңгімеледі. Шара барысында оқушылар кроссворд шешіп, сұрақтарға жауап берді. Соңында көрмесіне шолу жасалды.
View the embedded image gallery online at:
http://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1950-14-arasha-2025#sigFreeIde8d0478508
