Жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру, зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу мақсатында «Stop spice» атты профилактикалық әңгіме өткізілді. Шараға «Ренессанс» наркологиялық орталықтың жүргізуші маманы Руш Виктор Васильевич пен №86 ЖББ мектебінің 8 сынып оқушылары қатысты.
Шара барысында Виктор Васильевич оқушыларға спайстың адам ағзасына тигізетін зиянды әсері, темекі шегудің салдары, оның ішінде электронды темекі мен vape туралы әңгімеледі. Жасөспірімдер спикерге сұрақтар қойып, пікір алмасты.
Шара соңында кітапханашы «Зиянды әдеттерден аулақ бол!» атты ойын ойнатып, кітап көрмесіне шолу жасады.
http://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1968-27-arasha-2025#sigFreeId830df16d8a
