Жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері Президенттің 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында «Болашақ экологиясы: экологиялық су мәселелері» атты Н. Әбдіров атындағы мектептің 7-сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Шараның спикері Қарағанды облыстық экологиялық музейінің экологы Жұманова Дарина Данияровна кездесу барысында Қазақстанның су ресурстарының ағымдағы мәселелері, оларды шешудің мүмкін жолдары, сондай-ақ суды үнемдеудің маңыздылығы жайында ақпарат берді. Іс-шара аясында қоршаған ортаны, су ресурстарын қорғау туралы бейне-презентация көрсетіліп, кітаптарға шолу жасалды. Кездесу соңында оқушылар Президент Жолдауында белгіленген бастамаларды қолдауға дайын екендіктерін білдірді.
http://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1970-26-arasha-2025-2#sigFreeId8f6a676e53
