5 желтоқсан күні Алтын Орданың құрылғанына 755 жыл толуына арналған  «Ұлық Ұлыс — Алтын Орда» атты тарихи сағат өтті.

Мақсаты: Студенттерді өз Отанының тарихына құрметпен қарауға, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Ел тарихын насихаттап, болашақ жас ұрпақтардың бойына патриоттық сезімді қалыптастыру.   Алтын Орда – Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошының  ұлысы  аумағында  құрылған мемлекет. Шара барысында «Шахтер» КМҚК әдіскер-нұсқаушысы Тлеубергенов Қайыржан Каримович Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі мен ыдырауы жайлы жан-жақты мағлұмат берді. Оқырмандар назарына Алтын Орда туралы деректер видео-үзіндіден көрсетілді.

Студенттер «Алтын Орданың тарихы» викторинасына қатысып сұрақтарға белсене жауап берді. Шараға  Қарағанды жоғары «BOLASHAQ» колледжінің студенттері қатысты.