Жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде техника ғылымының докторы, тау-кен маманы, профессор, ҚазССР ғылым академиясының академигі Әбілқас Сағынұлы Сағыновтың туғанына 110 жыл толуына орай «Академик мұрасы» атты story time іс-шарасы өтті.
Іс-шара қонағы спикер Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті Инновациялық технологиялар колледжінің оқытушысы Мира Сатбекова ғалым Ә.Сағыновтың ғылыми еңбектері және қоғамдық қызметі жөнінде әңгімеледі.
Кітапханашы Ә.Сағыновтың өмір жолы мен шығармаларына арналған кітап көрмесіне шолу жасады, оның өнегелі өмірі мен еңбегі жайлы қатысушыларға бейнебаян ұсынылды.
View the embedded image gallery online at:
http://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1986-10-zhelto-san-2025#sigFreeId0ba47059b7
http://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1986-10-zhelto-san-2025#sigFreeId0ba47059b7
