11 желтоқсанда «100 кітап» Республикалық жобасы аясында кітапханада Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» повесін талқылау өтті.

Бұл кітапта ұлы ғалым, ойшыл, математик, философ, астроном, дәрігер, тарихшы Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен ізденістері туралы баяндалады. 2025 жылы бүкіл әлемде оның туғанына 1155 жыл толуы аталып өтіледі.

Ерте ортағасырлық кезеңнің аңызға айналған данышпаны туралы қызықты дәрісімен Қарағанды бейнелеу өнері мұражайының ғылыми қызметкері Омарова А.С. сөз сөйледі.

Кітапты талқылау барысында жас оқырмандар әртүрлі шығармашылық ойын тапсырмаларын орындап, шығармашылық ойлау қабілетін, белсенді пікір білдіруін және жақсы білімдерін көрсетті.