КІТАПХАНА КӨКЖИЕГІ – НҰРКЕН АУЫЛЫНДА!

26-27 мамыр күндері Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы мен Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының жетекші мамандары «Кітапхана көкжиектері: ауыл кітапханаларының жаңа мүмкіндіктерін ашу» атты кәсіби тур аясында Қарқаралы ОКЖ-нің ауылдық кітапханаларында өз жұмыстарын жалғастырды.

Турдың алғашқы күні эстафетаны Нұркен ауылының кітапханасы қабылдап алды. Кездесу тек Нұркен ауылымен шектелмей, көршілес ауылдардан келген кітапханашыларды да қамтыды. Бұл мамандардың тәжірибе алмасуына, кәсіби байланыстар орнатуына үлкен мүмкіндік берді. Нұркен ауылының кітапханашысы Маякина Б.Р. кәсіби кездесу барысында өлкетану бағытында экскурсия ұйымдастырып, ауыл кітапханасының туған өлкенің бай мұрасын зерттеп, сақтаудағы маңызын көрсетті.

«Ауыл кітапханасына кітап сыйла!» акциясы аясында әріптестерге кітаптар мен кеңсе тауарлары табысталды. Ауыл кітапханашыларына келесі өзекті тақырыптар бойынша шеберлік сағаттары мен кеңестер ұйымдастырылды:

• Практикум: «Цифрлық библиография: кітапханалар библиографиялық қызметтің инновациялық құралдарын іздеу барысында»;

• Шеберлік сағаты: «Ж. Бектұров атындағы кітапхана тәжірибесінде жасанды интеллектіні қолдану»;

• Кеңес: «Кітапханалық ресурстарды цифрландырудың мүмкіндіктері мен мәселелері»;

• Ақпараттық сабақ: «Көпшілік кітапханаларда қызмет көрсету бөлімдерінде есеп құжаттарын жүргізу».

Кәсіби кездесу әдістемелік көмек көрсету мен тәжірибе алмасу алаңына айналды. Сонымен қатар, цифрлық библиография, жасанды интеллект платформаларымен жұмыс істеу, өлкетану материалдарын цифрлау мәселелері талқыланып, тәжірибе мен білім жетілдірілді.

 

КІТАПХАНА КӨКЖИЕГІ – ҚАРАҒАЙЛЫ КЕНТІНДЕ!

 

Эстафета жалғасуда! Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы мен Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының қызметкерлері «Кітапхана көкжиегі: ауыл кітапханаларының жаңа мүмкіндіктерін ашу» атты кәсіби тур аясында Қарқаралы ОКЖ-не қарасты Қарағайлы кентінің балалар кітапханасына келді.

Кітапханашы Искакова К.К. кәсіби кездесу қатысушыларын балалар кітапханасының бос уақытты тиімді ұйымдастыру бағытындағы жұмысымен таныстырып, ең басым бағыттардың бірі – қуыршақ театры арқылы сахналандыру жұмыстарын көрсетті. Ауыл кітапханашыларына өзекті тақырыптар бойынша шеберлік сағаттары мен кеңестер ұйымдастырылды. Сондай-ақ, «Ауыл кітапханасына кітап сыйла!» акциясы аясында әріптестерге кітаптар мен кеңсе тауарлары тарту етілді.

 

КІТАПХАНА КӨКЖИЕГІ – КӨКТАС АУЫЛЫНДА!

27 мамыр күні «Кітапхана көкжиегі: ауыл кітапханаларының жаңа мүмкіндіктерін ашу» кәсіби турының екінші күні және мамандары Қарқаралы ОКЖ-не қарасты Көктас ауылының кітапханасына барды. Кітапханашы Шаймерденова А.Ж. өз тәжірибесімен бөлісіп, кітапханада өткізілетін бұқаралық іс-шаралардың креативті үлгілерін таныстырды.

Жақын маңдағы ауыл кітапханашыларына арналған шеберлік сағаттары мен кеңестерде кітапхана ісінің қазіргі заманғы үрдістері – цифрландыру, онлайн ресурстарды дамыту, оқырмандармен жұмыстың жаңа форматтары кеңінен талқыланды.

«Ауыл кітапханасына кітап сыйла!» акциясы аясында әріптестеріне кітаптармен кеңсе тауарлары табысталды.

Кәсіби турдың соңында екі күндік жұмыстың қорытындысы шығарылып, қатысушылар мұндай кездесулердің тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді бірлесе талқылап, тиімді шешімдер табуға жол ашатынын атап өтті. Бұл өз кезегінде ауыл кітапханаларының жұмыс сапасын арттыруға және олардың беделін көтеруге ықпал етеді.

КІТАПХАНА КӨКЖИЕКТЕРІ – АГРОГОРОДОК  АУЫЛЫНДА!

 

18 сәуірде Абай ауданындағы Агрогородок ауылының кітапханасы «Кітапхана көкжиектері: ауылдық кітапханалардың жаңа мүмкіндіктері» кәсіби турының эстафетасын қабылдады. 

Ж.Бектұров атындагы Қарағанды облыстық жасөспірімдер  кітапханасының жетекші мамандары «Ауылдық кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында әріптестеріне кітап пен кеңсе тауарларын сыйға тартты.

Ауыл кітапханашылары үшін өзекті тақырыптар бойынша тренингтер мен шеберлік сыныптары ұйымдастырылды:

  • «Кітапхана қорын есепке алу жөніндегі құжаттармен жұмысты ұйымдастыру»;
  • «Ж.Бектұров атындағы ҚОЖК жұмыс тәжірибесінде жасанды интеллекті пайдалану» шеберлік сыныбы;  
  • «Жасанды интеллекті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы, библиография қызметіндегі ЖИ құралдары» кеңесі;  
  • «Ұйымдастырушылық-технологиялық құжаттар жүйесі және кітапханада статистикалық есепті жүргізу тәртібі» тренингі.   

Агрогородок ауылының кітапханашысы Бейсембекова Б.Б. Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған кітап және иллюстрациялық көрмеге шолу жасалды.

Ауыл кітапханашыларымен кәсіби кездесу әдістемелік көмек көрсету және тәжірибе алмасу, жинақтарды жинақтау және сақтау мәселелерін анықтау, жасанды интеллект платформаларымен жұмыс істеудің цифрлық дағдыларын меңгеру алаңына айналды.

 

КІТАПХАНА КӨКЖИЕКТЕРІ – ТОПАР КЕНТІНДЕ!

Эстафета жалғасуда Ж.Бектұров атындагы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының жетекші мамандары «Кітапхана көкжиектері: ауылдық кітапханалардың жаңа мүмкіндіктері» кәсіби туры аясында Абай ауданындағы Топар ауылының кітапханасына келді.

«Ауылдық кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында әріптестерге кітап басылымдары мен кеңсе тауарлары сыйға тартылды.

Топар ауылының кітапханашысы М.С.Шарипова ауылдық кітапхананың туған өлкенің қайталанбас мұрасын зерттеп, сақтайтын орталық екенін көрсете отырып, кәсіби кездесуге қатысушыларға өлкетану экскурсиясын өткізді. Ауылдық кітапханашыларға тренингтер мен шеберлік сабақтарын ұйымдастырды.

Абай ОКЖ ауылдық кітапханашыларымен кәсіби кездесу де әдістемелік көмек көрсету және тәжірибе алмасу, қор жинау және сақтау мәселелеріндегі проблемаларды анықтау, жасанды интеллект платформаларымен жұмыс істеудің цифрлық дағдыларын меңгеру алаңына айналды.

«Көкжиек» мемлекетаралық кәсіби жобасы аясында «Нейрожелімен шығармашылық: кітапхана технологияларындағы жасанды интеллект»  атты семинар-воркшоп

  2025 жылғы 29 мамырда Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Көкжиек» мемлекетаралық кәсіби жобасы аясында «Нейрожелімен шығармашылық: кітапхана технологияларындағы жасанды интеллект» атты семинар-воркшоп өтті. Іс-шараға Қарағанды облысының аудандық және қалалық кітапханаларынан 30-дан астам маман қатысты.

     Семинар қатысушыларына арнап алғысөз сөйлеген Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының басшысы Нұргүл Қасымханқызы Қаленова аталған шараның жасанды интеллект технологияларын облыс кітапханаларында дамытудағы маңызын атап өтті.

   «Библиографиялық іздестіруде жасанды интеллект технологиялары», «Ж. Бектұров атындағы ҚОЖК тәжірибесінде жасанды интеллектіні қолдану» атты тренинг-сессиялар барысында кітапханашылар нейрожелілермен тікелей жұмыс істеп, олардың мүмкіндіктерін бағалап, бұл технологиялардың әрбір кітапхана жағдайында қолжетімді әрі қолдануға лайық екеніне көз жеткізді.

     Семинар барысында Ресей Федерациясы мен Беларусь еліндегі әріптестермен онлайн байланыс ұйымдастырылды.

    Иркутск облыстық жасөспірімдер кітапханасының жоба басқару бөлімінің жетекші кітапханашысы Александр Максимович Пищугин «Жасөспірімдермен жұмыс істейтін кітапхана қызметінде нейрожелілерді пайдалану тәжірибесі» тақырыбындағы баяндамасында жастар арасында өткізілген нейроакциялар, Цифрлық технологиялар апталығы жөнінде айтып, олардың танымалдығын атап өтті. Сондай-ақ, ол И.П. Уткин шығармашылығын насихаттауға арналған жобаларды және XVIII ғасырдың ортасынан XX ғасырдың басына дейінгі әртүрлі елдердің мұрағаттық құжаттарын танитын Яндекс нейрожелілерін таныстырды.

     Беларусь ұлттық техникалық университетінің Ғылыми кітапханасының электронды ресурстар бөліміне қарасты репозиторий қалыптастыру және интернет-технологияларды дамыту секторының меңгерушісі Алексей Викентьевич Ковалевский түрлі нейрожелілер туралы айтып, жасанды интеллект бойынша біліктілікті арттыру курстарының жұмысына тоқталды.

   Одан кейін Android Studio интеграциялық ортада жасалған «Бектұровка» қосымшасының таныстырылымы өтті. Қосымшаны Ж. Бектұров атындағы ҚОЖК кітапханалық процестерді автоматтандыру бөлімінің жүйе технигі Мұхан Інжу Ермекқызы таныстырды. Облыс кітапханашылары қосымшаны өздерінің мобильді телефондарына орнатып, болашақта қолдануға болатын мүмкіндіктерін жоғары бағалады.

       Семинар соңында қатысушыларға Ұлттық құрылтайдың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан eGov Mobile қосымшасы арқылы өтетін «100 кітап» жалпыұлттық сауалнамасына қатысу ұсынылды.

    Сауалнаманың басты мақсаты – елдің әдеби мұрасын сақтау мен дамыту, қазақстандық жазушылар шығармаларын насихаттау, оқуға деген қызығушылықты арттыру және баспа ісін қолдау.


2025 жылға арналған мерзімді басылымдардың тізімі


Абай

Айгөлек

Айналайын

Aiqyn

Ақ желкен

Ақиқат

Алан kids

Алтын сандық

Ана

Ана тілі

Английский язык в школе, колледже и вузе

Аргументы недели. Казахстан

Ahiska

Әлімсақ

Бала би (bala bi)

Балалар әлемі

Балаларға базарлық

Балапан бағы

Балбұлақ

Балдырған

Библиотека предлагает

Библиотековедение

Библиотечное дело

Білім / образование

Бурда / Вurda

Бухгалтерия организаций - получателей бюджетных средств (приказы, инструкции, комментарии)

Бухучет и налоги в государственных и бюджетных организациях

Бұқпа!

Весёлый затейник

Внеклассная работа в школе

География және табиғат

Ғылым

Дәстүр

Денсаулық

Discovery

Дружные ребята

Egemen Qazaqstan

Ертегілер әлемінде

Жалын

Жас алаш

Жас ғалым

Жемқорлықпен күрес /борьба с коррупцией

Жұлдыз

Жыл - он екі ай

Загадки истории

Заң газеті

Заңгер

З.О.Ж. Здоровый образ жизни

Игілік

Иман

Иностранная литература

Индустриальная Караганда

Qazaq

Қазақ әдебиеті

Қазақ спорты

Казақ тілі және әдебиеті: әдістеме

Қазақ тілі және елтану / Казахский язык и этнокультура

Қазақ үні

Қазақстан әйелдері

Qazaqstan kasipodagy

Қазақстан мұғалімі

Қазақстан республикасы парламентінің жаршысы / Ведомости парламента Республики Казахстан

Казахстанская правда

Қала мен дала

Караван историй. Коллекция

Kitap patshalygy.qz

Құқықтық Қазақстан

Литер

Мақалсөз

Мәдени мұра

Мәдениет

Мәслихат және әкімдік /Маслихат и акимат

Мөлдір бұлақ

Мұқағали

Мысль

Настоящие рецепты на бис

Новая газета - Казахстан

Новости науки Казахстана

Орталық Қазақстан

Өркениет

Парасат

Простор

Saqshy

Сарбаз

Смешарики

Сөз өнері

Спорт жұлдыздары

Таң-Шолпан

Тілашар. Түзету педагогикасы / Логопед. Коррекционная педагогика

Толока. Волшебный

Тұран-Түркістан

Үкімет бюллетені / Правительственный бюллетень

Үш қоңыр

Ұлан

Ұлы дала

Ұстаз

Urker

Forbes Kazakhstan

Forbes Kazakhstan

Хан талапай АБС

Шыңғысхан

Юридическая газета

ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР 2023

 


«Тарих. Тұлға. Тағдыр» жобасы аясында өткізілген іс – шаралардың сценарий жинағы [Мәтін] (Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер  кітапханасының жұмыс тәжірибесінен): II шығарылым / Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы ; сирек кітаптар мен қолжазбалар және мұражай жәдігерлері секторы; құраст. Н.Қ. Каленова, Ж.И. Катаева; компьютерде беттеген Ж.И.Катаева. – Қарағанды, 2023. – 49 б. 

 

Жинаққа әр түрлі оқырмандар тобына арналған Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Тарих. Тұлға. Тағдыр» атты жобасы аясында өткізілген іс – шаралардың сценарийлері енгізілген.

 

https://www.calameo.com/read/0075091957bd92c73c546




16 сәуірде Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп «Кітапханалық қызмет көрсету: сапа мен қолжетімділікке бағдарлар» маман күні өтті.

Іс-шараға Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 26 кітапханашысы қатысты.

Әріптестер үшін Жайық Бектұров атындағы музей – кабинетке және «Кітапхана: кеше және бүгін»  атты кітапхана тарихына экскурсия өткізілді.

  Мамандардың назарына кітапхана қорынан «Жастар аумағы» жаңа басылымдарының экспозициясы, «Бір ел-бір кітап» кітап көрмесімен танысу мүмкіндігі ұсынылды.

 Кітапхана басшысының орынбасары Н.Ф. Шмойлова іс-шараны ашып, осындай іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтіп, барлығына жемісті жұмыс тіледі.

 Бағдарлама аясында Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері «Кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету: жаңа шындық» тренингі, «Кәсіби баспадағы әлем» кітапханалық баспа басылымдары мен онлайн-ресурстардың дайджесті тақырыбында баяндама жасады.

 «Bekturov' s Brain Battle»:  ойын брендингіне кіріспе» интеллектуалды ойын форматында қатысушыларға кітапханалық-библиографиялық білімді жастар арасында қалай насихаттауға болатындығы көрсетілді.

Маман күні барысында колледж кітапханашылары Қарағанды облысы колледждерінің кітапханашылары ОӘБ төрағасы А. Ж. Сүлейменова ұсынған «Оқырман колледжі» жобасын іске асыру және «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру арқылы құндылықтарды сіңірудің қорытындылары және мониторингімен танысты.

«Заманауи оқырманға - заманауи кітапхана» баяндамасында Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің кітапхана меңгерушісі С.С. Шоменбаева өз кітапханасын жаңғырту, компьютерлік технологияларды енгізудегі табысты тәжірибе, «Ирбис 64+»ААЖ туралы айтып берді.

Іс-шара соңында Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Т.М.Баймағанбетова сұрақ-жауап сессиясында кездесуді қорытындылады, сондай-ақ кітапханашылар облыс колледждеріне мамандардың көшпелі күндері бойынша өз ұсыныстарын ұсынды. 

https://www.instagram.com/reel/DIiif1zoILZ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==



2024 жылғы 12 наурызда ZOOM платформасында «Тәжірибені енгізу: кәсіби қызметте инновацияларды іске асыру үшін кітапхана мамандарының шығармашылық құзыреттерін қалыптастыру» тақырыбында оқыту семинары өтті. Ұйымдастырушылар: Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы, Қарағанды облысы колледждері кітапханашыларының облыстық әдістемелік бірлестігі.

Семинар бағдарламасына Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы, Қарағанды облысы колледждері кітапханашыларының облыстық әдістемелік бірлестігі мамандары мен Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің «Кітапхана ісі» бөлімінің меңгерушісі Қ.С.Мұханбетчинаның баяндамалары кірді.

Ж.Бектұров атындағы ҚОЖК қызметкерлері: «Жеке тұлғаны дамытудағы көркем әдебиеттің рөлі» - кітапхана басшысы Н.Қ.Қаленова; «Жұмыстың жаңа түрлері: жастар арасында кітап пен оқуды насихаттау» - инновациялық-әдістемелік бөлімнің басшысы Л.Г.Ратникова; «Ж.Бектұров атындағы ҚОЖК жұмысы үлгісінде «Оқу колледжі» тұжырымдамасын іске асыру бойынша әдістемелік ұсынымдар» - кітапхана басшысының орынбасары Н.Ф.Шмойлова - тақырыптар бойынша баяндамалар жасады.

Кәсіби қарым-қатынас қызықты, нәтижелі, пайдалы болды. Семинар соңында Ж. Бектұров атындағы ҚОЖК қызметкерлері колледж кітапханашыларын толғандыратын сұрақтарға жауап беріп, кәсіби қызмет саласында ұсыныстар берді.





29 мамырда Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында гибридті форматта «Заманауи кітапхана – жаңа ұрпақтың тұлғалық даму аумағы» шығармашылық зертханасы өтті.

«Алматы қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ басшысының орынбасары Спатаева Ләззат Мұхтарқызы және жас мамандары «Алматы қаласының ОКЖ жаңғырту туралы» тақырыбында қызықты әрі өте маңызды баяндамалар жасады. Алматыдағы әріптестерімізге көптеген сұрақтар қойылды. Қарағанды қ. ОКЖ қызметкерлерінің әдістемелік бөлімінің басшысы С. Е. Кейкина Алматы қ. ОКЖ әріптестеріне сапары туралы тәжірибе алмасу бойынша өз әсерімен бөлісті.

Қатысушыларды жастар үшін түрлі әлеуметтік бастамаларды қолдайтын және қаржыландыратын Қазақстандағы жалғыз жобаның менеджері Амантай Абай қызықтырды.

Инновациялық-әдістемелік бөлімнің жетекшісі Ратникова Людмила Григорьевна өз сөзінде кітап оқитын жастармен жұмыс нысаны ретінде чат-боттар, VR-жобалар, мобильді қосымшалар, нейрожелілер және геймификация туралы тоқталды. «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ кітапханашы-библиографы А.А.Тлектес Абай ауданының ОКЖ, Дубовка ауылдық кітапханасының кітапханашысы А.Қ.Ыбрайхан баяндамалар жасады. «Жасөспірімдер психологиясы бойынша практикум: техникалар, әдістемелер, жаттығулар» практикумын дипломды психологтар, сертификатталған гештальт-терапевттер Малых Анастасия Анатольевна, Абдуллаева Оксана Владимировна өткізді.

Қарағанды облысының аудандары мен қалаларының ОКЖ жетекші мамандары өз жұмысының маңызды бағыттарын талқылады, сондай-ақ кітапқа және оқуға жастарды көбірек тарту мақсатында кітапханалардың оқырмандармен, авторлармен, қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылын нығайту перспективаларымен бөлісті.

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының

«Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы» КММ

 

«Көкжиек» - «Горизонты» мемлекетаралық кәсіби жобасын іске асыру шеңберіндегі  «Заманауи кітапхана – жаңа ұрпақтың тұлғалық даму аумағы» шығармашылық зертханасы

 

Өтетін күні мен уақыты: 2024 жылғы 29 мамыр, сағат 10-00-де, гибридті форматта

Өтетін орны: Ж. Бектұров атындағы ҚОЖК, Қарағанды қ., Ержанов к-сі, 8-А,

Қазақстандағы әріптестер үшін Google Meet платформасында телекөпір ұйымдастырылады

 

Іс-шараның мақсаттары: 

  • Облыс кітапханалары мамандарының біліктілігін арттыру;
  • Кітапханалар мәртебесін көтеру.

 

Креативзертхана бағдарламасы

Уақыты

Мазмұны

Сөз сөйлеуші

10.00-10.05

Семинардың ашылуы

Ратникова Л. Г.,

Ж. Бектұров атындағы ҚОЖК инновациялық-әдістемелік бөлімінің басшысы

10.05-10.45

Алматы қ. ОКЖ жаңғырту туралы

Спатаева Ләззат Мұхтарқызы, «Алматы қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ басшысының орынбасары;  

Мұхаммедова Мақпал Қазақстандық жазушылар кітапханасының басшысы;

Набидолла Құндыз, № 14 кітапхана-филиалының меңгерушісі;

Курамусова Толқын Алижанқызы «Алматы қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ А.П.Чехов атындағы Орталық қалалық кітапхананың басшысы

10.45-10.55

Әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға тарту арқылы жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру

Амантай Абай, жоба менеджері «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ

10.55-11.05

Қазіргі  кітапхана-жастарды тарту орталығы, ақпарат, коммуникация және демалыс орталығы

 

Тлектес Аружан Абдулғазизқызы, кітапхана, библиограф «Приозерск қалалық кітапханасы»  КММ

11.05-11.15

«Кітапханада дебат клубын құрудың маңыздылығы»

Ыбрайхан Айгерім Қалқаманқызы, Абай ауданының ОКЖ, Дубовка ауылдық кітапханасының кітапханашысы

11.15-11.25

Кітапхана іс-шараларының жаңа нысандары

Ратникова Л. Г.,

Ж. Бектұров атындағы ҚОЖК инновациялық-әдістемелік бөлімінің басшысы

11.25-12.00

Жасөспірімдер психологиясы бойынша семинар: техникалар, әдістер, жаттығулар

Малых Анастасия Анатольевна,  Абддуллаева Оксана Владимировна - дипломды психологтар, сертификатталған гештальт-терапевттер, жұмыс тәжірибесі - 10 жылдан астам

12.15-12.25

Ашық трибуна. Креативзертхана жұмысының қорытындысын шығару

Ратникова Л. Г.,

Ж. Бектұров атындағы ҚОЖК инновациялық-әдістемелік бөлімінің басшысы

 

2024 жылғы 27 маусымда Нұра кентінде Б. Ысқақов атындағы орталық аудандық кітапханада Нұра ауданы ОКЖ кітапханашыларына арналған «Жастарға сапалы қызмет көрсету шарты ретінде кітапханаларды жаңғырту» семинар-практикумы өткізілді.

Семинар қатысушыларына Нұра ОКЖ директоры Қайырбекова Алмагүл Зекенқызы құттықтау сөз сөйлеп, қазіргі кезеңде кітапханаларды жаңғыртудың маңыздылығын атап өтті.

Ж.Бектұров атындағы ҚОЖК инновациялық-әдістемелік бөлімінің маманы Ольга Николаевна Волкова өзінің «Жаңғырту жағдайындағы кітапхана жұмысының негізгі аспектілері» баяндамасында кітапханаларды жаңғырту кезеңдеріне тоқталып, шетелдік кітапханалар мен еліміздің кітапханаларының тәжірибесін ұсынды.

Ж.Бектұров атындағы ҚОЖК қорларды сақтау және ұйымдастыру секторының жетекшісі Носова Светлана Николаевна жасаған «Кітапхана қорларын сақтау саласын жаңғырту» баяндамасында құжаттарды сақтау саласын жаңғырту, кітапхана қорларын сақтау үдерістеріне жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізу оларды болашақ ұрпақ үшін толыққанды пайдалануға мүмкіндік беретініне баса назар аударылды.

Жаңғырту процесінде оқырмандармен, әсіресе жастармен, жасөспірімдермен жұмыс істеу тәсілдері мен әдістерін, жұмыс жүйелерін реформалау бойынша шаралар кешенін өткізу қажет.

Семинар-практикумда Б.Ысқақов атындағы орталық аудандық кітапхананың жас қызметкерлері өздерін сауатты және креативті мамандар ретінде көрсетті.

Есімі орталық аудандық кітапханаға берілген Бүркіт Ысқақовтың 100 жылдығына орай «Ақын және азамат» атты дөңгелек үстел өткізіліп, «Елін сүйген ердің ізі» фильмі көрсетіліп, Базарбай Аминаның орындауында өлеңдер оқылды.

Кітапханаларды дамыту секторының әдіскері Конурова Карина Асқарқызы өзінің «Атаулы кітапхананың брендингі: Бүркіт Ысқақовтың 100 жылдығына арналған Нұра ОКЖ-нің жұмыс тәжірибесі» баяндамасында ақынға арналған сайт, 2021, 2022 және 2023 жылдары өткен Бүркіт оқулары, ақынның мерейтойына орай аудан кітапханалары өткізетін аса маңызды іс-шаралар туралы айтып берді.

Автоматтандыру секторының жетекшісі Махметова Арайлым Қанатқызы Quizizz платформасында семинарға қатысушылармен «Туған жеріңді сүй және біл» зияткерлік ойнын өткізді.

«ОйLike» командалық ойынында библиография секторының жетекшісі Адыгулова Аида Қайырқызы әзірлеуші және жетекші ретінде шықты.

«Жасөспірімдер» тобының кітапхана пайдаланушыларының бос уақытын жұмыспен қамтуды ұйымдастыру бойынша Нұра кітапханалары арасында үздік кітапханалық іс-шара өткізуге арналған «БиблиоКреатив» шығармашылық байқауы туралы Ысқақов атындағы ОАК кітапханаларды дамыту секторының жетекшісі Нуртазина Светлана Романовна айтып берді.

Семинарда «БиблиоКреатив» байқауының жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды, оларға дипломдар, сертификаттар және бағалы сыйлықтар табысталды.

Семинар-практикум қорытындысында жаңғыртудың негізгі нәтижесі – кітапханалардың қоғамдағы мәртебесі мен рөлін арттыру екендігі атап өтілді.

 

https://www.instagram.com/p/C_xsHWuNLsG/

https://www.instagram.com/p/C8uIIzqNX9x/?img_index=1

https://www.instagram.com/p/C8uIIzqNX9x/?img_index=6

https://www.instagram.com/p/C8ubOmpt_bR

«Жастарға сапалы қызмет көрсету шарты ретінде кітапханаларды жаңғырту»

семинар-практикумы 

 

Өткізу күні мен уақыты: 2024 жылғы 27 маусым, сағат 10-00.

Өтетін орны: Нұра кенті

Ұйымдастырушылар: Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы ; Нұра ауданының ОКЖ. 

 

БАҒДАРЛАМА

Уақыты

Мазмұны

Сөз сөйлеуші

10.00-10.05

Семинардың ашылуы

Қайырбекова Алмагүл Зекенқызы Нұра ауданы ОКЖ басшысы

10.05-10.20

Жаңғырту жағдайындағы кітапхана жұмысының негізгі аспектілері

Волкова Ольга Николаевна,

Ж. Бектұров атындағы  ҚОЖК инновациялық-әдістемелік бөлімінің маманы

10.20-10.45

Кітапхана қорларын сақтау саласын жаңғырту

Носова Светлана Николаевна, ж. Бектұров атындағы ҚОЖК қорларды сақтау және ұйымдастыру секторының басшысы

10.45-11.20

Ақын Бүркіт Ысқақовтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Ақын және азамат» дөңгелек үстелі.

Дөңгелек үстел аясында мыналар өткізіледі:

  • Бүркіт Ысқақов туралы бейнефильм;
  • Б. Ысқақовтың өлеңдерін оқу;
  • Баяндама:«Атаулы кітапхананың брендингі: Бүркіт Ысқақовтың 100 жылдығына арналған Нұра ОКЖ-нің жұмыс тәжірибесі»

Конурова Карина Асқарқызы,

кітапханаларды дамыту секторының әдіскері, ОКЖ кітапханаларының қызметкерлері

11.20-12.00

Quizizz платформасында «Туған жеріңді сүй және біл» интеллектуалды ойыны

Махметова Арайлым Қанатқызы, автоматтандыру секторының басшысы

12.00-12.30

«ОйLike» командалық ойыны

 

Адыгулова Аида Қайырқызы, библиография секторының басшысы

12.30-12.50

«Жасөспірімдер» тобының кітапхана пайдаланушыларының бос уақытын жұмыспен қамтуды ұйымдастыру бойынша Нұра кітапханалары арасында үздік кітапханалық іс-шара өткізуге арналған «БиблиоКреатив» шығармашылық байқауының қорытындысын шығару

Нуртазина Светлана Романовна, Б. Ысқақов атындағы ОАК кітапханаларды дамыту секторының басшысы

12.50-13.00

Семинарды қорытындылау

Қайырбекова А.З.

Волкова О. Н.