«ЕЛ ЖҮРЕГІ – АСТАНА» Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу Тұжырымдамасының аясында

«Отанымды сүйемін» ең үздік виртуалды көрмесіне жарияланған

жас кітапханашылар арасындағы облыстық байқау туралы

ЕРЕЖЕ

 

1. Жалпы ережелер

 

1.1.  Осы Ереже Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына арналған  ең үздік виртуалды көрмесіне жарияланған жас кітапханашылар арасындағы облыстық байқаудың (одан әрі – Байқау) мақсаттары мен міндеттерін, өткізу тәртібін белгілейді.  

1.2. Байқау «ЕЛ ЖҮРЕГІ – АСТАНА» Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу Тұжырымдамасының аясында өткізіледі.

1.3. Байқаудың ұйымдастырушылары: Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы.

1.4. Үйлестірушілері:Қарағанды облысының кітапханалары.

1.5. Байқау төмендегі мақсаттарда өткізіледі:

  • Кітапханалық кадрлардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, кәсіби шеберліктерін арттыру және шығармашылық әлеуетін белсендіру;
  • Виртуалды кітап көрмесін жасаудың теориялық және тәжірибелік дағдыларын меңгеру;
  • Кітапхана қорларын web-кеңістікте алға жылжыту;
  • Жаңа пайдаланушыларды тарту;
  • Кітапхана мәртебесін заманауи ақпараттық-мәдени орталығы ретінде көтеру.

1.6. Байқау жас кітапхана қызметкерлерінің арасында өткізіледі (29 жасқа дейінгі жас шамасында).

1.7. Байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.  

1.8. Құрамын ұйымдастыру комитеті белгілейтін қазылар алқасы байқауға түскен жұмыстарды бағалайды, жеңімпаздарды анықтайды.

 

2. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

 

2.1. Байқауға өзінің веб-ресурстары бар облыстың барлық кітапханалары қатыса алады.  

2.2. Байқаудың номинациялары:

·         «Менің елордам – менің мақтанышым»;

·         «Менің өлкем – менің мақтанышым».

2.3. Қатысушылар байқауға өзінің кітапханасынан әрбір номинация бойынша бір көрмені ұсынады.

2.4. Байқауға ұсынылған виртуалды көрме сауалнама-өтініммен бірге This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық мекен-жайына 2018 жылдың 05 мамырыдан кешіктірілмей «Байқауға» деген белгісімен жіберіледі.

2.7. Қазылар алқасы әрбір номинация бойынша Гран-при,  I, II, III орындарды тағайындайды. Көтермелеу сыйлықтары қарастырылады.

2.8. Байқаудың қорытындылары Ж.Бектұров атындағы ОЖК жаңалықтар лентасында жарияланады http://uniorlib.kz

 

3. Байқаудың шарттары

 

3.1. Байқау 2018 жылғы 15 ақпан мен 05 мамыр аралығында өткізіледі.

 

3.2. Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар:

  • Виртуалды көрме кез келген үлгіде жасалуы мүмкін;
  • Құжаттар мазмұнының ашылу деңгейі: құжаттардың библиографиялық сипаттамасының, аңдатпалар ж.т.б. жазылуының дұрыстығы;
  • Құрылымның қисындылығы және мазмұнның сыйымдылығы (виртуалды көрменің құрылымы жай көрменің құрылымындай бөлімдерге бөлініп, дәйексөздер келтіріліп, оқырман сөзі/кіріспе, көрнекі материал болуы керек);
  • Жұмыстың өзіндік ерекшелігі және авторлық тұжырымдама (көрнекі материалдар, қаріптің сапасы, түстік безендірілуі, анимация, көрменің көріп шығуынан туындайтын эмоциялық күй);
  • Көрмені безендіру сапалығы (интерфейс, түстік безендірілуі, қаріптің өлшемі (оқуға ыңғайлылығы), фон (түс, түстің ашықтығы, түстердің мәтінмен үйлесушілігі), ақпаратты көшіріп алу мүмкіндігі, навигация, гипермәтін, суреттемелер (көзбен қабылдау).
  • Авторлық құқықтардың сақталуы.

 

3.3. Байқауға ұсынылатын виртуалды көрмелерді бағалаудың негізгі өлшемдері:

 

  • Ережеде ескертілген Байқаудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі;
  • байқаудың талаптарына сәйкестігі;
  • ақпараттылығы;
  • көркемдік жаңашыл шешім, шығармашылық ойдың, көрме авторының шығармашылық белсенділігінің ерекшеліктері;
  • қабылдауға жеңілдігі;
  • көрмені безендіру тілі – қос тілділік (қазақ, орыс тілдері).

 

4. Қорытындыларды шығару және марапаттау

 

4.1. Байқаудың жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі 2018 жылдың мамырында  «Кітапханалар жұмысы жаңа қоғамдық шындық тоғысында» - «Деятельность библиотек в контексте новой общественной реальности» атты кітапханашылардың облыстық семинарында өткізіледі.

 

5. Байланыс ақпараты

 

5.1. Ж. Бектұров атындағы ОЖК, тел. 8 7212 430650, 430704

Қарағанды қ., Ержанов к. 8А.

E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

1 Қосымша.

 «Отанымды сүйемін» облыстық байқауына қатысуға сауалнама-өтінім

«» номинациясы

 

Қатысушының сауалнамасы:

Қатысушының толық аты-жөні  
Жұмыс орны  
Қызметі  
Жалпы кітапханалық жұмыс өтілі  
Байқаудың атауы (номинация)  
Жұмыстың атауы  
Жасы  
Байланыстар (мобильді телефон, қалалық телефон, электрондық поштаның мекен-жайы)  

 

 

Өтінімнің толтырылған күні: