5 шілде күні Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында балаларға қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері №48 ЖОББМ мектеп жанындағы балалар лагерінің оқушыларына Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – асыл мұра» - «Домбра – драгоценное наследие» атты әңгіме өткізді.

Жүргізуші әр халықтың, әр ұлттың сүйікті музыкалық аспаптары бар екенін айтты. Домбыра – бізбен бірге қуаныш, думан, жетістіктер сәттерінде болатын қазақ халқының бірегей музыкалық аспабы. Күй әуендері мен домбыраның майда қоңыр дауысы арқылы ұрпақтан ұрпаққа қазақтың мәдени құндылықтары, салт-дәстүрлері, батырлық ертегілері ауысып отырады.

Кітапханашының әңгімесі барысында «Қазақстанның ұлттық аспаптары» атты таныстырылым ұсынылды.

Әңгіме балалардың қызығушылығын тудырды, олар қазақ халқының ұлттық аспаптары, қазақ композиторлары мен өткен жылдардағы және қазіргі орындаушылары туралы көптеген сұрақтар қойды.

Шара соңында «Домбыра-асыл мұра» атты кітап көрмесіне шолу жасалды