11-ші қыркүйек күні Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының ақпараттық-библиографиялық бөлімінде «Анықтамалықтар - оқушылар үшін» тақырыбымен «Ақпарат күні» өтті.

Шараға Әлия Молдағұлова атындағы облыстық мамандандырылған спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың 7-9-шы сынып оқушылары шақырылды.

Оқушыларға сөздіктер, энциклопедиялар мен анықтамаларды қалай қолдану керектігі туралы толық ақпарат берілді. Балалар үлкен қызығушылықпен библиографиялық ойынға қатысып, «Чумичка», «Длань» сөздерінің мағынасы қандай, «Қарағанды қаласында хайуанаттар бағы қай жылы ашылды» және тағы басқа көптеген сұрақтарға жауап берді. Балалар анықтамалық басылымдардан сұрақтарға жауаптар іздестірді.

Басылымдар мен кітаптар әлемінде хабардар болу үшін «Нить Ариадны» атты библиография көмек ретінде ұсынылды. Библиографияның алтын кілт эмблемасы - барлық білімнің кілті болып табылады. Бұл кілтті пайдалануды үйренсең, онда сенің алдыңнан барлық білімге есік ашылады.

Оқушылар бұл күні біраз уақытқа «кітап теңіздерінің лоцмандары» болып, библиографияның қызықты әлеміне жақындады.