Қазақ әдебиеті - қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан- ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы.
Қазір қазақ әдебиетінің туындыларын тиісінше оқып, зерделеп талқылауда өткір қажеттілік туындады. Дәл осы мақсатта кітап оқу, кітапқа деген қызығушылықты арттыру, халқымыздың әдеби мұрасын зерттеп, рухани мұраны сақтау мақсатында «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы аясында Ә.Тәжібаевтің поэзиясы мен Ә.Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романы жалпыхалықтық оқуға ұсынылды.
Осыған орай, 25 қыркүйек күні Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Заманның заңғар тұлғалары» атты онлайн- конференция өтті. Шараның басты мақсаты - ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыларды оқып, Ә. Кекілбаев пен Ә. Тәжібаевтің әдеби мұралары арқылы жастардың патриоттық рухын дамыту. Онлайн-конференцияға Батыс Қазақстан облысы, Ж. Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқырмандары қатысты. Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы аудиториясының модераторы, ақын - Ерік Нарын мен Ж. Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы аудиториясының модераторы, «Ақжайық» арнасының тележүргізушісі Кухаев Біржан Амангелді екі тарапты байланыстыра отырып, «Аңыздың ақыры» романы бойынша сөзді Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Айтқали Нұрышұлы Нәріковке, Ж.Досмұхамедов атындағы Орал педагогикалық колледжінің студенті Кушалова Бағым мен Қарағанды «Болашақ» академиясының аға оқытушысы Ермағанбетов Ерзатқа берді. Олар «Аңыздың ақыры» романының құрылымдық маңыздылығы мен мазмұнына тоқтай кетіп, Әбіш Кекілбаевтің жалпы шығармашылығы туралы сөз қозғады.
Конференция барысында, модератор Біржан Амангелдіұлы «Ақынның алғашқы өлеңдерінен бастап, өмірінің соңғы жылдарына дейінгі өлең-жырларын, поэмаларына талдау жасай келе, Әбділда Тәжібаевтің шығармашылығы жайында біраз дәйектерді келтірді. Сонымен қатар, екі жақтан жиналған қауымның ішінен суырылып шығып, Шоқан Наргиза, Бисембі Ералы, Жасарал Құлпынай, Закария Лағыл сынды жастар Әбділда Тәжібаевтің өлеңдерін оқыды.
Жалпы конференция тиімді қарым-қатынас орнатып, конструктивті пікір-алмасу форматында өтті.
http://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/806-25-yrk-jek-2019#sigFreeIdf2578c7d49