26 қыркүйек күні Достық үйінде латын әліпбиіндегі жалпы облыстық диктанттың ІІ кезеңі өтіп, 200-ден астам адам қатысты. Диктантқа 17 қыркүйекте бірінші кезеңде үздік диктант жазғандар қатыса алды.

Диктант қорытындысы бойынша 27 адам дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Олардың қатарында біздің әріптесіміз, Жайық Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының жасөспірімдердің қатынастары және көпшілік жұмыс бөлімінің кітапханашысы Жасарал Құлпынай диктант қорытындысы бойынша III жүлделі орынға ие болды.

Кітапхана ұжымы жас қызметкерді шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта табыс тілейді!