30 қазан күніЖ. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан кітапханалары – заманауи білім беру орталықтары» бастамашылық жобасы аясында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен,мәдениет және демалыс, білім мен коммуникация заманауи орны - «Bilim ortalyǵy» жастар коворкингіашылды.

«Bilim ortalyǵy» коворкинг - орталығын құрудың мақсаты - семинарлар, мастер - кластар, бизнес-тренингтер, таныстырылымдар, онлайн - конференциялар және тағы басқа өткізу үшін жұмыс орнын ұсыну болып табылады.

       Коворкинг - орталығында жастардың әртүрлі топтары, қалаған өз ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер, фрилансерлер, бағдарламашылар мен дизайнерлердің бастамаларын жүзеге асыру және табысты жұмыс істеу үшін қажетті барлық жағдайлар бар.Пайдаланушыларға тегін - Wi - Fi, басып шығару, сканерлеу, көшірме, Skype арқылы сөйлесу мүмкіндігі беріледі. Демалыс және қарым-қатынас аймақтары бар.

Тағы бір ерекшелік: кітапхана өзінің ақпараттық және электрондық ресурстарының жеткілікті қорымен пайдаланушыларға ақпараттық қолдау көрсетуге дайын.

Салтанатты ашылу рәсімінде құттықтау сөзімен іс - шара қонақтары - Қазыбек би атындағы ауданның «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алма Хабибуллақызы Бектұрова, «Нұр Отан» партиясының өкілі Бейбіт Қайыржанұлы Жұмабеков, «Жас Отан» Жастар қанатының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Ержан Болатұлы Хамитов сөз сөйлеп, кітапхана ұжымының атынан Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының басшысы Қаленова Нұргүл Қасымханқызы құттықтады.

 Сонымен қатар шараға Қарағанды қаласының оқу орындарының жастары, оқырмандар, облыс кітапханаларының өкілдері қатысты. «БОТА» жастардың интеллектуалдық орталығының мүшелері мерекелік бағдарлама дайындады.

Коворкинг - орталық кітапхананың бірінші қабатында, жайлы, жарық бөлмеде орналасқан. Кітапхана қызметкерлері атап өткендей, алдағы уақытта коворкинг - орталық жетілдіріліп, дамитын болады.