6 қараша күні Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының балаларға қызмет көрсету бөлімінің оқырмандар залында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында латын әліпбиін насихаттау «Латын әліпбиі - заман талабы» атты танымдық сағат өткізілді.

 Іс-шараға «Құлыншақ» балалар үйінің тәрбиешілері мен 5 - 6 сынып оқушылары қатысты.

   Бөлім басшысы Жарқынай Мүсілімқызы латын әліпбиіне көшу бүгінгі заман талабы екенін айта кетті. Әліпбидің алғашқы нұсқасына қоғам арасындағы талқылаудан кейін өзгерістер енгізіліп, 2018 жылғы 19 ақпандағы №637 Жарлығымен жаңа редакциядағы әліпби нұсқасы бекітілді.

   Латын әліпбиіне көшу – үлкен мәдени, рухани қадам. Латын әліпбиіне көшу барысы туралы «Қарағанды облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» жанындағы «Ресурстық тіл орталығынан» келген оқытушы Боранғазы Фариза Ерланқызының қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру бойынша оқушыларға мәлімет берді. Іс-шараның барысы үш бөлімнен өтті. Латын әліпбиінің тарихына және латын әріптерінің ерекшеліктеріне назар аударылды. «Латын қарпінде жазып дағдыланамыз» бөлімінде өз аттарын және ақын - жазушылардың есімдерін жаңа әліпбимен жазған балалар латын әліпбиді тез үйреніп кететінін аңғартты. «Әріптерден сөз құрастыру» бөлімінде балаларды екі топқа бөліп сөйлем құрастырып, тренинг өткізілді. «Бірге үйренейік, «Зерек бала» ойындары экраннан көрсетілді. «Latуn-karaoke» жобасы аясының бөлімінде балалар латын қарпінде жазылған «Мен қазақпын» әнін караокимен айтты.

«Qazaq tili - latyn qarpi bizdiń bolashaǵymyz» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, Ж. Бектұров кабинет - мұражайындағы 1929 - 1940 жылдары жарық көрген латын қарпіндегі кітаптарға шолу жасалды.

 Іс - шараға белсенді қатысқандарға алғыс айтылды.