6 қараша күні КСРО мен Ресейдің Халық әртісі, атақты композитор Александра Николаевна Пахмутованың 90 жылдық мерейтойы қарсаңында Волгоград облыстық жастар кітапханасы мен Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы арасында Халықаралық on-line-видеомостұйымдастырылды. Іс-шараға оқушылар мен студенттер, оқытушылар, кітапхана қызметкерлері, музыканттар қатысты.

Екі жақ залда шығармашылық атмосфера орнады – А.Н.Пахмутованың миллиондаған адамдар жақсы көретін «Мелодия», «До свиданья, Москва» «Старый клен», «Чудеса», «Снегурочка», «Нежность» әндері жас орындаушылар – П.А. Серебряков атындағы Волгоград консерваториясының студенттерінің, Волгоград қаласының № 3 өнер мектебі оқушыларының, сондай-ақ Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің «Академиялық ән айту» бөлімінің студенттері Чепурко Инна мен Ахметолла Ерсанаттың орындауында ұсынылды.

Тәттімбет атындағы өнер колледжі бұрын музыкалық мектеп деп аталды, онда 1942-43 ж.ж. эвакуацияда болған болашақ композитор Александра Пахмутова оқыды.

Іс – шара барысында модератор - Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының басшы орынбасары Гүлнар Мұхтарқызы Алдонғарова, Самарқанд кенті, қазіргі Қарағанды облысының Теміртау қаласында эвакуация кезіндегі А. Пахмутованың өмірі мен оқу жылдарын таныстырды.

Материалды тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері ұсынды. Надежда Федоровна Шмойлова – «жасөспірімдер арасындағы қарым-қатынас және көпшілік жұмыс» бөлімінің  басшысы А. Пахмутованың бұрынғы сыныптасы Вера Федоровна Ященконың хаттарын, Теміртау қаласының № 1 мектебінің директоры Екатерина Михайловна Антонның, мақсатқа ұмтылған, тәртіпті Александра Пахмутованың мінез - құлқын ашатын естеліктерін оқыды.

         Мұндай бірлескен кездесулер жас ұрпақтың зияткерлік, мәдени және адамгершілік дамуындағы жеке адамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, әріптестердің арасында тәжірибе алмасуға, әр түрлі халықтардың мәдениеті және дәстүрлерімен танысуға мүмкіндік береді.