24 мамыр күні Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында Қарағанды облысының аудандық және қалалық ОКЖ кітапханашылары үшін Түркі мемлекеттері ұйымының «2023 жыл - Түркі өркениетінің даму жылы» деп жариялауы аясында «Мәдениетаралық және ұлтаралық өзара іс – қимыл жүйесіндегі және өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі кітапханалардың рөлі» атты әдістемелік іс-шара - халықаралық онлайн-библиозертхана өтті.
Библиозертхананың мақсаты: ұлттық мәдениеттерге, дәстүрлерге баулуда, жалпыадамзаттық құндылықтарды сақтауда және оларға жас ұрпақтың құрметін қалыптастыруда, жанжалдың алдын алуда, әлемдік мәдени мұраны сақтау мен ілгерілетуде жасөспірімдермен кітапханалардың жұмыс тәжірибесін ұсыну және жалпылау.
Библиозертхана жұмысына Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Қазақстан тарихы және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының мамандары профессор Қыздарбеков Бірлік Қыздарбекұлы және аға оқытушы Шахаев Арман Жетпісбайұлы, Малаев Думан Базаркеевич, Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ Ғылыми-сараптамалық қолдау және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің (Достық үйі) басшысы, сондай-ақ Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қарағанды облысының аудандық және қалалық ОКЖ кітапханаларының қызметкерлері қатысып, баяндама жасады. Ұлтаралық қатынастарды реттеу саласындағы кәсіби медиатор Инджиголян Анжела Алвановна іс-шараға қатысушылар үшін «Өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі медиация және этносаралық өзара іс-қимыл» тақырыбы бойынша тренинг өткізді.
Библиозертхана жұмысының нәтижелері бойынша мынадай қорытынды жасалды:
Ұлтаралық қатынастарды реттеу - қызметтің маңызды және жауапты саласы, ол өзара сенім қатынастарын, әртүрлі ұлт және әртүрлі дін көзқарастары өкілдерінің бірлескен өмір сүру ережелерін қалыптастыру, жалпықазақстандық азаматтық бірегейлікті қалыптастыру бойынша мақсатты, жүйелі жұмысты көздейді. Кітапханалардағы ұлтаралық қатынастарды үйлестірудің бұл бағыттары, оларды іске асыру жолдары, халықтың әртүрлі топтарымен (ең алдымен жастармен) жұмыс істеу әдістері библиозертханада талқыланды.
Іс-шараның трансляциясы Google Meet платформасында ұйымдастырылды.
«Көкжиек» мемлекетаралық кәсіби жобасын іске асыру шеңберінде
«Мәдениетаралық және ұлтаралық өзара іс-қимыл жүйесіндегі және өскелең
ұрпақты тәрбиелеудегі кітапханалардың рөлі» халықаралық онлайн-
библиозертханасы
Өткізу күні мен уақыты: 2023 жылғы 24 мамыр сағ.10-00
Өтетін орны: Ж. Бектұров атындағы ҚОЖК, Қарағанды қ., Ержанов к-сі, 8-А
Ресей, Беларусь, Қазақстан әріптестері үшін Google Мeet платформасында
телекөпір ұйымдастырылады
Іс-шараның мақсаттары:
· Облыс кітапханалары мамандарының біліктілігін арттыру;
· Кітапханалардың беделін көтеру
.
БАҒДАРЛАМАСЫ
Уақыты |
Мазмұны |
Сөз сөйлеуші |
10-00-10-05 |
Семинардың ашылуы |
Ратникова Л.Г., Ж. Бектұров атындағы ҚОЖК инновациялық- әдістемелік бөлімінің басшысы (Қазақстан) |
10-05-10-25 |
2023 жыл - Түркі өркениетінің даму жылы |
Профессор Қыздарбеков Бірлік Қыздарбекұлы, Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Қазақстан тарихы және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының оқытушысы (Қазақстан) |
10-25-10-45 |
Жас ұрпақты тәрбиелеуде азаматтық ұстанымды қалыптастырудағы патриоттық және интернационалдық, еңбексүйгіштікті дамыту. |
Шахаев Арман Жетпісбайұлы, Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Қазақстан тарихы және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының аға оқытушысы (Қазақстан) |
10-45-11-05 |
Қарағанды облысының этномәдени бірлестіктерінің қызметі, олардың бейбітшілік пен келісімді сақтаудағы рөлі |
Малаев Думан Базаркеевич, Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми сараптамалық қолдау және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы (Қазақстан) |
11-05-11-30 |
«Мазмұндама» баспасы Қоғамдық қоры - шетелдік бестселлерлерді қазақ тіліне аудару |
Сейілхан Теңіз Жұмабекұлы (Қазақстан) |
11-30-11-45 |
Халықтар кітаппен достасады. Ж. Бектұров атындағы ҚОЖК-ның жастарды ұлттық мәдениеттер мен дәстүрлерге баулу тәжірибесі |
Ратникова Л.Г. |
11-45-11-55 |
Кітапхана - Достық аумағы. М. Г орький атындағы Брест облыстық кітапханасының ұлтаралық өзара іс-қимыл мәдениетін қалыптастырудағы тәжірибесі |
Михайлова Виктория Александровна - «М. Горький атындағы Брест облыстық кітапханасы» ҚК маркетинг және әлеуметтік- мәдени қызмет бөлімінің меңгерушісі (Беларусь Республикасы) |
11-55-12-10 |
«Руханият және Жастар» |
Шагыраева Элмира Сейітқазықызы, Шығыс Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасының жастар орталығының басшысы (Қазақстан) |
12-10-12-25 |
ЭтноЭкспресстегі Этномарафон - біздің қаламызда алғаш рет: «Чебоксары қаласы кітапханаларының бірлестігі» МБММ тәжірибесінен |
Журавлева Наталья Г еннадьевна, Максимова Елена Владимировна «Чебоксары қаласы кітапханаларының бірлестігі» МБММ, Кітапхана - Л. Агаков атындағы әлеуметтік - ақпараттық орталық - №17 филиал, кітапхана-М. Сеспель атындағы әлеуметтік-ақпараттық орталық - №13 филиал (Ресей) |
12-25-12-35 |
Жасөспірімдерге көпмәдениетті ортада қызмет көрсету |
Узбаева Марина Ахмедовна Балқаш қ. С.Сейфуллин атындағы ОКЖ оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы |
12-35-12-50 |
«Ұлтын ұлы биіктерге көтерген тарихи тұлға»: көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына орай |
Катаева Ж. И., Ж. Бектұров атындағы ҚОЖК сирек кездесетін кітаптар, қолжазбалар және мұражай экспонаттары секторының басшысы |
12-50-13.40 |
Этномедиация бойынша тренинг |
Дүйсекеева Айжан Аутаевна Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ этносаралық қатынастар мен медиацияны талдау және мониторинг бөлімінің басшысы |
13-40-14-00 |
Ашық трибуна. Библиолабораторияны қорытындылау |
https://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-04-21-10-34-08/kitapkhanany-rylymy/2-uncategorised/1632-24-maya-2023-bibliolaboratoriya-kaz#sigFreeIdf16bdfa006