Қыркүйек айының 19-ы күні Саран қаласының Орталық қалалық кітапханасында «Кітапханадағы жастар: жаңа мүмкіндіктер кеңістігі» атты форсайт-сессия өтті.

Іс-шараға Саран қаласының «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ кітапханашылары қатысты.

Форсайт-сессияны ОКЖ директоры Мазель Мадина Иссаевна ашып, шараның мақсат-міндеттерін атап өтті. Ол қазіргі заман талабына сай кітапхана жұмысына елеулі өзгерістер енгізудің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Саран қаласының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің маманы Орынбек Аяжан Берікболқызы «Кітапхана және жаңа буын: өзара әрекеттесу қырлары» атты баяндамасында орталық пен Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі арасындағы көпжылдық және жан-жақты ынтымақтастықты кеңінен баяндап өтті.

Кітапхана үдерістеріне жасанды интеллектіні тиімді түрде интеграциялау міндеттері туралы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы аясындағы кітапханалардың рөлі» тақырыбындағы баяндамасында айтылды (Волкова О.Н., Ж. Бектұров атындағы ҚОЖК).

Назар кітапханалардың цифрлық дәуірдегі жаңа бейнесін қалыптастыру, кітапханашылардың кәсіби құзыреттілігіне қойылатын талаптардың артуы, мақсатты аудиторияны, әсіресе жастарды терең тану, сондай-ақ қазіргі заманғы техникалық сауатты оқырмандармен өзара әрекеттесе білу және тиімді қарым-қатынас орната алу сияқты мәселелерге аударылды.

Баяндама барысында біздің негізгі аудиториямыз – цифрлық дәуірде өсіп келе жатқан жас буын, яғни зумерлер, олардың ерекшеліктері мен кітап оқуға деген көзқарасы туралы сауалнама жүргізілді.

Бұл сауалнамаға Саран қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашыларымен қатар Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері де қатысты. Сауалнама нәтижесі үлкен буын мен жас буын арасында өзара ұқсастықтар мен ортақ мүдделердің өте аз екенін көрсетті. Сондықтан қазіргі заманғы кітапхана өз оқырмандарының қызығушылығын терең түсініп, өзін табысты мекеме ретінде көрсетуі үшін осы ұқсастықтарды табуға ұмтылуы қажет.

«Кітапхана – жастардың даму, қарым-қатынас және бос уақытын тиімді өткізуге арналған арт-алаң» тақырыбында №2 отбасылық оқу кітапханасының (Ақтас кенті) жетекшісі Свиридова Е.Ю. баяндама жасады. Ол «Поколение NEXT в сети Интернет», «Молодежный перекресток. Поколение NEXT выбирает», «Ұлы даланың мұрасы», «Библиотека — территория новых возможностей», «Школа счастливой семьи» атты жобаларды жүзеге асыру аясындағы жұмыстар туралы, сондай-ақ БиблиоСтудияның құрылуы, «Вдохновение» шығармашылық клубының қызметі жөнінде айтып өтті. Кітапхана мен «Wiedergeburt» неміс орталығы арасындағы әлеуметтік әріптестік аясында «Heimat» этно-үйірмесі жұмыс істейді, ал №2 Отбасылық оқу кітапханасының жиі қонақтары — әскери қызметшілер. 2025 жылы «LIFE-навигатор» жобасы бойынша жұмыс басталды.

Кітапханадағы клуб — бұл жастардың қарым-қатынас орталығы, деп есептейді орталық қалалық кітапхананың кітапханашысы Лаухина О.А., ол кітапханада жұмыс істейтін қызығушылық клубтарын таныстырды: оқу залында жұмыс істейтін «Истоки» әдеби-тарихи өлкетану клубы және жастарға арналған «Жас толқын» әдеби клубы. Жасөспірімдерге арналған «Медиа кері байланыс» үйірмесі ерекше қызығушылық тудырды. Кітапхана медиа-контент жөнінде пікір алмасуға (кері байланыс орнатуға) мүмкіндік беретін алаң ұсынып қана қоймай, сонымен қатар медиамен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға да үлес қосуда.

Технологияларды, креативті ойлауды және белсенді оқырмандар қауымдастығын біріктіретін заманауи форматтағы, болашақ кітапхана туралы әңгіме «Кітапхана PRO – шығармашылықтың жаңа кеңістігі» атты консультация барысында қозғалды.

Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының жастармен жұмыс және бұқаралық іс-шаралар бөлімінің кітапханашысы Бегазықызы Мадина цифрлық дәуірдегі кітапханаларды дамытудың негізгі бағыттарын, жасанды интеллектіні қолдану мысалдарын және арнайы құралдар туралы айтып өтті. Қатысушыларға ChatGPT қосымшасында промт жазуға арналған практикалық тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, жастарға арналған іс-шаралардың инновациялық форматтары мен әлеуметтік желілерге визуалды контент жасаудың жолдары қарастырылды.

PRO–кітапхананың ең маңызды элементі – пікірталас. Ашық диалогсыз форсайт мүмкін емес. «Болашақ кітапхана. Қолдаймын/Қарсымын» атты пікірталас барысында қатысушылар XXI ғасыр кітапханасының дәстүрлері мен жаңашылдығы, жастарды қалай тартуға болатыны, сондай-ақ келесі бес жылда қандай қызметтер қажет болатыны туралы сұрақтарға жауап берді.

Кітапханашылар мен студенттер автоматтандыру мен цифрландыру үдерістеріне қарамастан, кітапхананың басты құндылығы – адам, жанды қарым-қатынас екенін атап өтті. Жастар үшін кітапхана – бұл кеңістік, бос уақытты тиімді өткізу, өзін-өзі дамыту және тыныштық орны ретінде көрінетінін айтты.

Жаңа әдебиеттер, коммуникация, жайлы орта, «есеп үшін емес» ұйымдастырылған іс-шаралар – мұның бәрі оқырмандарды кітапханаға тартады. Болашақ кітапханалар – дәстүр мен жаңашылдықты, кітап пен цифрлық технологияны, білім мен заманауи құралдарды біріктіретін мекеме болмақ.

Форсайт-сессия барысында қатысушылар кітапханалардың болашағы туралы ой бөлісіп, болашақ оқырмандар жайлы әңгімеледі, болжамдар жасап, пікірталасқа түсіп, цифрландыру нәтижесінде орын алуы мүмкін өзгерістер мен оқиғалардың сценарийлерін құрды.

Іс-шараның қорытындысында алғыс хаттар табысталып, барлық қатысушыларға форсайт-сессия шеңберінде әзірленген «Кітапханада әлеуметтік желіге түсірілім жасауға» арналған чек-листер (құрастырған М. Бегазықызы) таратылды.

 

https://www.instagram.com/bekturov_library/reel/DOyCZ9HCFjf/