2024 жылғы 12 наурызда ZOOM платформасында «Тәжірибені енгізу: кәсіби қызметте инновацияларды іске асыру үшін кітапхана мамандарының шығармашылық құзыреттерін қалыптастыру» тақырыбында оқыту семинары өтті. Ұйымдастырушылар: Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы, Қарағанды облысы колледждері кітапханашыларының облыстық әдістемелік бірлестігі.
Семинар бағдарламасына Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы, Қарағанды облысы колледждері кітапханашыларының облыстық әдістемелік бірлестігі мамандары мен Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің «Кітапхана ісі» бөлімінің меңгерушісі Қ.С.Мұханбетчинаның баяндамалары кірді.
Ж.Бектұров атындағы ҚОЖК қызметкерлері: «Жеке тұлғаны дамытудағы көркем әдебиеттің рөлі» - кітапхана басшысы Н.Қ.Қаленова; «Жұмыстың жаңа түрлері: жастар арасында кітап пен оқуды насихаттау» - инновациялық-әдістемелік бөлімнің басшысы Л.Г.Ратникова; «Ж.Бектұров атындағы ҚОЖК жұмысы үлгісінде «Оқу колледжі» тұжырымдамасын іске асыру бойынша әдістемелік ұсынымдар» - кітапхана басшысының орынбасары Н.Ф.Шмойлова - тақырыптар бойынша баяндамалар жасады.
Кәсіби қарым-қатынас қызықты, нәтижелі, пайдалы болды. Семинар соңында Ж. Бектұров атындағы ҚОЖК қызметкерлері колледж кітапханашыларын толғандыратын сұрақтарға жауап беріп, кәсіби қызмет саласында ұсыныстар берді.
http://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-04-21-10-34-08/zhobalar-men-ba-darlamalar/2-uncategorised/1734-12-03-2024-seminar-kolledzhi-kaz#sigFreeIdee409fde59