25 мамыр күні Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Көкжиек» мемлекетаралық кәсіби жобасын жүзеге асыру аясында «Кітапхана және жастар: алға қарай бір қадам. Кітапханалар тәжірибесі, жаңа идеялар, жұмыс түрлері, құралдары мен әдістерін іздеу» атты облыстық семинар өтті.
Семинарға қатысушылардың баяндамаларында айтылған негізгі мәселелер – бұл оқырмандарға жас ұрпақтың қажеттіліктеріне сәйкес келетін кітапханалық қызмет көрсетудің жаңа тәсілдерін іздестіру, сондай-ақ жастармен жұмыс бойынша кітапханалық жобаларды іске асыру тәжірибесін жинақтау және тарату.
Семинар жұмысына Ресей, Қазақстан, Қарағанды облысының аудандық және қалалық ОКЖ кітапханаларының мамандары қатысты. Іс-шараның трансляциясы ZOOM платформасында ұйымдастырылды. Семинар барысында «Креативті идеялар, инновациялық тәжірибелер банкі» облыстық кәсіби байқауының жеңімпаздары аталды. Медиасауаттылық үйінің жетекшісі, «Психология-бизнес-медиа» қауымдастығының вице-президенті, Қарағанды қ., Голубцова Татьяна «Медиа Джунгли» мобильді қосымшасының медиабілім ойыны базасында турнирді қалай құруға болады» атты мастер-класс өткізді.
Семинар мамандарға жастардың виртуалды жобаларында жұмыс істеу бойынша қазақстандық және ресейлік үздік тәжірибемен танысуға, жаңа идеялардан шабыт алуға, болашаққа қызықты жоспарлар белгілеуге мүмкіндік берді.
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының
«Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы» КММ
«Көкжиек» мемлекетаралық кәсіби жобасын іске асыру шеңберінде
«Кітапхана және жастар: алға қадам. Кітапханалардың жұмыс тәжірибесі, жаңа идеялар, әдістер, құралдар мен жұмыс тәсілдерін іздестіру»
облыстық семинары
Өткізу күні мен уақыты: 2022 жылғы 25 мамыр сағат 10-00.
Өтетін орны: Ж. Бектұров атындағы ҚОЖК, Қарағанды қ., Ержанов к-сі, 8-а
Іс-шараның мақсаты:
- Облыс кітапханалары мамандарының біліктілігін арттыру;
- Кітапханалардың беделін көтеру.
Семинар бағдарламасы
Уақыты |
Мазмұны |
Сөз сөйлеуші |
10-00-10-05 |
Семинардың ашылуы |
Каленова Нургуль Касымхановна, Ж. Бектұров атындағы ҚОЖК басшысы |
10-05-10-20 |
Жасөспірімдермен жұмыс: идеялар мен тәжірибелер ауқымы |
Мурзатаева Бахыт Казбековна, Ж. Бектұров атындағы ҚОЖК жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінің басшысы |
10-20-10-30 |
Жасөспірімдер және кітапхана: өзара әрекеттесу жолдары |
Шевченко Юлия Борисовна, жоғары мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі. «Ы.Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы» ММ, Қостанай қ. |
10-30-10-40 |
«МжС штурманы» сабақтары: медиасауаттылық бойынша онлайн-жоба |
Харитонова Елена Анатольевна, ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі. «Ы.Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы» ММ, Қостанай қ. |
10-40-10-50 |
Кітапханашының жаңа кәсіби стандарты |
Калеганова Марина Александровна, «В.Ф. Потанин атындағы Қорған облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы» МБМБ жетекші әдіскері, Ресей |
10-50-11-30 |
«Креативті идеялар, инновациялық тәжірибелер банкі» байқауы |
Ратникова Л.Г., Ж. Бектұров атындағы ҚОЖК инновациялық-әдістемелік бөлімінің басшысы. Облыс кітапханаларының өкілдері |
11-30-12-00 |
Үзіліс |
|
12-00-12-20 |
«Полтос» бар ма? Немесе объектив призмасы арқылы шабыттану |
Опанюк Пётр Сергеевич, қоғаммен байланыс бөлімінің бас кітапханашысы; Хижняк Дарья Сергеевна, қоғаммен байланыс жөніндегі маман. Б. Шаховский атындағы Астрахань жастар кітапханасы, Ресей |
12-20-12-40 |
Кітаптар бойынша жаттығу |
Волкова О.Н., Ж. Бектұров атындағы ҚОЖК инновациялық-әдістемелік бөлімінің кітапханашысы |
12-40-13-40 |
«МедиаДжунгли» мобильді қосымшасының медиа білім беру ойыны негізінде турнирді қалай құруға болады? |
Голубцова Татьяна, медиа-тренер, медиасауаттылық үйінің басшысы, Психология-бизнес-медиа» қауымдастығының вице-президенті, Қарағанды қ. |
13-40-14-00 |
Ашық трибуна. Семинардың қорытындысын шығару |
Ратникова Л. Г., Ж. Бектұров атындағы ҚОЖК инновациялық-әдістемелік бөлімінің басшысы |

http://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-26-28/seminarlar?id=1690&layout=edit#sigFreeIddc48f8eca4