1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1 Осы ереже «Ұлы халықтың – Ұлы Абайы» ХVІІІ Абай оқулары шеңберінде Абайға арналған Қарағанды облысының жастары арасында облыстық байқау өткізудің мақсаттары мен ережелерін анықтайды.

1.2 Байқауды ұйымдастырушылар:

- Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы (құрылтайшысы);

- Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы (ұйымдастырушысы).

1.3 Осы Ереже байқауға қойылатын талаптар мен өтінімдерді беру мерзімдерін анықтайды.

 

 2. БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

2.1 Қазақ әдебиетінің көрнекті классигі Абай Құнанбаевтың рухани мұрасын насихаттау;

2.2 Қазақ халқының ұлы ағартушысы туралы оның ілімдері мен әдеби шығармалары арқылы жас ұрпақтың жоғары адамгершілігін қалыптастыру.

2.3 Талантты шығармашыл жастарды анықтау және қолдау, олардың өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беру;

2.4 Әдеби және көркем талғамға тәрбиелеу, сондай-ақ көркем әдебиет арқылы ана тілін қолдану сапасын жақсарту.

 

3. БАЙҚАУДЫҢ ТАЛАПТАРЫ МЕН ШАРТТАРЫ

3.1 ХVІІІ Абай оқулары Қарағанды қаласында өтеді;

3.2 Байқау мемлекеттік тілде өтеді;

3.3 Байқауға Қарағанды облысының 15-21 жас аралығындағы жастары қатысады;

3.4 Байқау номинациясы:

  • «Үздік көркемсөз шебері» - ақынның кезкелген 5-7 өлеңін жатқа оқу.
  • Ескертпе: бұрын республикалық, облыстық байқауларға қатысып, орын алғандар бұл байқауға қатыса алмайды.

 

4. БАЙҚАУДЫҢ ТАЛАПТАРЫ МЕН ШАРТТАРЫ

 

4.1 Әр қатысушы өзі туралы мәлімет жазып, қатысуға өтінімді толтырып кітапхананың karaganda_oub @ mail.ru электорнды поштасына жіберуі қажет;

 

 

4.2. Бір оқу орнынан 2 адам ғана қатыса алады;

4.3  Қатысушылар ақынның өлеңдерін өздері таңдайды;

4.4. Әр қатысушы байқауға ақынның кем дегенде 5-7 өлеңін жатқа білуі тиіс.

 

5. БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

  • Байқауға қазылар алқасы баға береді (құрамы 3 адам);
  • Қатысушы ақынның өлеңдерін жатқа білуі тиіс;
  • Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың өнерін бағалау кезінде олардың көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, мәтінді таңдау талғамына, сахнада өзін-өзі ұстауына, киім үлгісіне баса назар аударады.

 

6. БАЙҚАУДЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ МЕН МЕРЗІМДЕРІ

6.1 Қатысушылардан өтініштер 2024 жылдың 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында қабылданады;

6.2 Үйлестірушілер - облыстың орталық, қалалық және аудандық кітапханалары.

6.3 2024 жылы 26 қыркүйекте сағат 10:00-де «Үздік көркемсөз шебері» номинациясы бойынша Абай Құнанбайұлының өлеңдерін жатқа оқу.  

6.4  2024 жылы 26 қыркүйекте сағат 14:00-де байқаудың жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында өтеді.

 

7. БАЙҚАУДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

7.1 Қатысушылардың арасынан жеңімпаздарды анықтау үшін белгілі жазушылар, ақындар, мұғалімдер мен журналистер арасынан қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасын төраға басқарады, ол шешім қабылдайды және қазылар алқасының жұмысына жауап береді. Қазылар алқасы байқау соңында нәтижелерін жариялайды. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

8.  ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ

Әділқазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап (Бас жүлде, I, II және III орын), диплом мен қаржылай сыйлықтарды табыстайды.  

*Жүлде сомасынан жеке табыс салығы ұсталады.

 

Мекен-жайы:

Қарағанды ​​қ., Ержанов к-сі, 8-А

Е-mail: karaganda_oub@mail.ru

Сайт - http://uniorlib.kz/ru/.

 

Қосымша сұрақтар бойынша байланыс телефондары:

Телефон: 8 (7212) 43-07-04; 43-06-50.

8 700 393 64 40;

  

 

 

ҚОСЫМША 1

 

«Ұлы халықтың – Ұлы Абайы»  облыстық байқауына қатысуға өтінім

Сипаттама

Мәлімет

1

Қатысушының аты-жөні

 

 

2

Туған күні, айы, жылы

 

 

3

Оқу, жұмыс орны 

 

 

4

Тұрғылықты мекен-жайы

 

 

5

Байланыс телефоны

 

 

6

 

Жетекшінің аты-жөні, байланыс телефоны