КІТАПХАНА КӨКЖИЕГІ – НҰРКЕН АУЫЛЫНДА!
26-27 мамыр күндері Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы мен Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының жетекші мамандары «Кітапхана көкжиектері: ауыл кітапханаларының жаңа мүмкіндіктерін ашу» атты кәсіби тур аясында Қарқаралы ОКЖ-нің ауылдық кітапханаларында өз жұмыстарын жалғастырды.
Турдың алғашқы күні эстафетаны Нұркен ауылының кітапханасы қабылдап алды. Кездесу тек Нұркен ауылымен шектелмей, көршілес ауылдардан келген кітапханашыларды да қамтыды. Бұл мамандардың тәжірибе алмасуына, кәсіби байланыстар орнатуына үлкен мүмкіндік берді. Нұркен ауылының кітапханашысы Маякина Б.Р. кәсіби кездесу барысында өлкетану бағытында экскурсия ұйымдастырып, ауыл кітапханасының туған өлкенің бай мұрасын зерттеп, сақтаудағы маңызын көрсетті.
«Ауыл кітапханасына кітап сыйла!» акциясы аясында әріптестерге кітаптар мен кеңсе тауарлары табысталды. Ауыл кітапханашыларына келесі өзекті тақырыптар бойынша шеберлік сағаттары мен кеңестер ұйымдастырылды:
• Практикум: «Цифрлық библиография: кітапханалар библиографиялық қызметтің инновациялық құралдарын іздеу барысында»;
• Шеберлік сағаты: «Ж. Бектұров атындағы кітапхана тәжірибесінде жасанды интеллектіні қолдану»;
• Кеңес: «Кітапханалық ресурстарды цифрландырудың мүмкіндіктері мен мәселелері»;
• Ақпараттық сабақ: «Көпшілік кітапханаларда қызмет көрсету бөлімдерінде есеп құжаттарын жүргізу».
Кәсіби кездесу әдістемелік көмек көрсету мен тәжірибе алмасу алаңына айналды. Сонымен қатар, цифрлық библиография, жасанды интеллект платформаларымен жұмыс істеу, өлкетану материалдарын цифрлау мәселелері талқыланып, тәжірибе мен білім жетілдірілді.
КІТАПХАНА КӨКЖИЕГІ – ҚАРАҒАЙЛЫ КЕНТІНДЕ!
Эстафета жалғасуда! Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы мен Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының қызметкерлері «Кітапхана көкжиегі: ауыл кітапханаларының жаңа мүмкіндіктерін ашу» атты кәсіби тур аясында Қарқаралы ОКЖ-не қарасты Қарағайлы кентінің балалар кітапханасына келді.
Кітапханашы Искакова К.К. кәсіби кездесу қатысушыларын балалар кітапханасының бос уақытты тиімді ұйымдастыру бағытындағы жұмысымен таныстырып, ең басым бағыттардың бірі – қуыршақ театры арқылы сахналандыру жұмыстарын көрсетті. Ауыл кітапханашыларына өзекті тақырыптар бойынша шеберлік сағаттары мен кеңестер ұйымдастырылды. Сондай-ақ, «Ауыл кітапханасына кітап сыйла!» акциясы аясында әріптестерге кітаптар мен кеңсе тауарлары тарту етілді.
КІТАПХАНА КӨКЖИЕГІ – КӨКТАС АУЫЛЫНДА!
27 мамыр күні «Кітапхана көкжиегі: ауыл кітапханаларының жаңа мүмкіндіктерін ашу» кәсіби турының екінші күні және мамандары Қарқаралы ОКЖ-не қарасты Көктас ауылының кітапханасына барды. Кітапханашы Шаймерденова А.Ж. өз тәжірибесімен бөлісіп, кітапханада өткізілетін бұқаралық іс-шаралардың креативті үлгілерін таныстырды.
Жақын маңдағы ауыл кітапханашыларына арналған шеберлік сағаттары мен кеңестерде кітапхана ісінің қазіргі заманғы үрдістері – цифрландыру, онлайн ресурстарды дамыту, оқырмандармен жұмыстың жаңа форматтары кеңінен талқыланды.
«Ауыл кітапханасына кітап сыйла!» акциясы аясында әріптестеріне кітаптармен кеңсе тауарлары табысталды.
Кәсіби турдың соңында екі күндік жұмыстың қорытындысы шығарылып, қатысушылар мұндай кездесулердің тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді бірлесе талқылап, тиімді шешімдер табуға жол ашатынын атап өтті. Бұл өз кезегінде ауыл кітапханаларының жұмыс сапасын арттыруға және олардың беделін көтеруге ықпал етеді.
http://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-26-28/2-uncategorised#sigFreeIde6fc7aa959
«Көкжиек» мемлекетаралық кәсіби жобасы аясында «Нейрожелімен шығармашылық: кітапхана технологияларындағы жасанды интеллект» атты семинар-воркшоп
2025 жылғы 29 мамырда Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Көкжиек» мемлекетаралық кәсіби жобасы аясында «Нейрожелімен шығармашылық: кітапхана технологияларындағы жасанды интеллект» атты семинар-воркшоп өтті. Іс-шараға Қарағанды облысының аудандық және қалалық кітапханаларынан 30-дан астам маман қатысты.
Семинар қатысушыларына арнап алғысөз сөйлеген Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының басшысы Нұргүл Қасымханқызы Қаленова аталған шараның жасанды интеллект технологияларын облыс кітапханаларында дамытудағы маңызын атап өтті.
«Библиографиялық іздестіруде жасанды интеллект технологиялары», «Ж. Бектұров атындағы ҚОЖК тәжірибесінде жасанды интеллектіні қолдану» атты тренинг-сессиялар барысында кітапханашылар нейрожелілермен тікелей жұмыс істеп, олардың мүмкіндіктерін бағалап, бұл технологиялардың әрбір кітапхана жағдайында қолжетімді әрі қолдануға лайық екеніне көз жеткізді.
Семинар барысында Ресей Федерациясы мен Беларусь еліндегі әріптестермен онлайн байланыс ұйымдастырылды.
Иркутск облыстық жасөспірімдер кітапханасының жоба басқару бөлімінің жетекші кітапханашысы Александр Максимович Пищугин «Жасөспірімдермен жұмыс істейтін кітапхана қызметінде нейрожелілерді пайдалану тәжірибесі» тақырыбындағы баяндамасында жастар арасында өткізілген нейроакциялар, Цифрлық технологиялар апталығы жөнінде айтып, олардың танымалдығын атап өтті. Сондай-ақ, ол И.П. Уткин шығармашылығын насихаттауға арналған жобаларды және XVIII ғасырдың ортасынан XX ғасырдың басына дейінгі әртүрлі елдердің мұрағаттық құжаттарын танитын Яндекс нейрожелілерін таныстырды.
Беларусь ұлттық техникалық университетінің Ғылыми кітапханасының электронды ресурстар бөліміне қарасты репозиторий қалыптастыру және интернет-технологияларды дамыту секторының меңгерушісі Алексей Викентьевич Ковалевский түрлі нейрожелілер туралы айтып, жасанды интеллект бойынша біліктілікті арттыру курстарының жұмысына тоқталды.
Одан кейін Android Studio интеграциялық ортада жасалған «Бектұровка» қосымшасының таныстырылымы өтті. Қосымшаны Ж. Бектұров атындағы ҚОЖК кітапханалық процестерді автоматтандыру бөлімінің жүйе технигі Мұхан Інжу Ермекқызы таныстырды. Облыс кітапханашылары қосымшаны өздерінің мобильді телефондарына орнатып, болашақта қолдануға болатын мүмкіндіктерін жоғары бағалады.
Семинар соңында қатысушыларға Ұлттық құрылтайдың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан eGov Mobile қосымшасы арқылы өтетін «100 кітап» жалпыұлттық сауалнамасына қатысу ұсынылды.
Сауалнаманың басты мақсаты – елдің әдеби мұрасын сақтау мен дамыту, қазақстандық жазушылар шығармаларын насихаттау, оқуға деген қызығушылықты арттыру және баспа ісін қолдау.
http://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-26-28/2-uncategorised#sigFreeId856b6ae0ea
КІТАПХАНА КӨКЖИЕКТЕРІ – АГРОГОРОДОК АУЫЛЫНДА!
18 сәуірде Абай ауданындағы Агрогородок ауылының кітапханасы «Кітапхана көкжиектері: ауылдық кітапханалардың жаңа мүмкіндіктері» кәсіби турының эстафетасын қабылдады.
Ж.Бектұров атындагы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының жетекші мамандары «Ауылдық кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында әріптестеріне кітап пен кеңсе тауарларын сыйға тартты.
Ауыл кітапханашылары үшін өзекті тақырыптар бойынша тренингтер мен шеберлік сыныптары ұйымдастырылды:
- «Кітапхана қорын есепке алу жөніндегі құжаттармен жұмысты ұйымдастыру»;
- «Ж.Бектұров атындағы ҚОЖК жұмыс тәжірибесінде жасанды интеллекті пайдалану» шеберлік сыныбы;
- «Жасанды интеллекті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы, библиография қызметіндегі ЖИ құралдары» кеңесі;
- «Ұйымдастырушылық-технологиялық құжаттар жүйесі және кітапханада статистикалық есепті жүргізу тәртібі» тренингі.
Агрогородок ауылының кітапханашысы Бейсембекова Б.Б. Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған кітап және иллюстрациялық көрмеге шолу жасалды.
Ауыл кітапханашыларымен кәсіби кездесу әдістемелік көмек көрсету және тәжірибе алмасу, жинақтарды жинақтау және сақтау мәселелерін анықтау, жасанды интеллект платформаларымен жұмыс істеудің цифрлық дағдыларын меңгеру алаңына айналды.
КІТАПХАНА КӨКЖИЕКТЕРІ – ТОПАР КЕНТІНДЕ!
Эстафета жалғасуда Ж.Бектұров атындагы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының жетекші мамандары «Кітапхана көкжиектері: ауылдық кітапханалардың жаңа мүмкіндіктері» кәсіби туры аясында Абай ауданындағы Топар ауылының кітапханасына келді.
«Ауылдық кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында әріптестерге кітап басылымдары мен кеңсе тауарлары сыйға тартылды.
Топар ауылының кітапханашысы М.С.Шарипова ауылдық кітапхананың туған өлкенің қайталанбас мұрасын зерттеп, сақтайтын орталық екенін көрсете отырып, кәсіби кездесуге қатысушыларға өлкетану экскурсиясын өткізді. Ауылдық кітапханашыларға тренингтер мен шеберлік сабақтарын ұйымдастырды.
Абай ОКЖ ауылдық кітапханашыларымен кәсіби кездесу де әдістемелік көмек көрсету және тәжірибе алмасу, қор жинау және сақтау мәселелеріндегі проблемаларды анықтау, жасанды интеллект платформаларымен жұмыс істеудің цифрлық дағдыларын меңгеру алаңына айналды.
http://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-26-28/2-uncategorised#sigFreeId4f98f8f612
2025 жылға арналған мерзімді басылымдардың тізімі
Абай |
Айгөлек |
Айналайын |
Aiqyn |
Ақ желкен |
Ақиқат |
Алан kids |
Алтын сандық |
Ана |
Ана тілі |
Английский язык в школе, колледже и вузе |
Аргументы недели. Казахстан |
Ahiska |
Әлімсақ |
Бала би (bala bi) |
Балалар әлемі |
Балаларға базарлық |
Балапан бағы |
Балбұлақ |
Балдырған |
Библиотека предлагает |
Библиотековедение |
Библиотечное дело |
Білім / образование |
Бурда / Вurda |
Бухгалтерия организаций - получателей бюджетных средств (приказы, инструкции, комментарии) |
Бухучет и налоги в государственных и бюджетных организациях |
Бұқпа! |
Весёлый затейник |
Внеклассная работа в школе |
География және табиғат |
Ғылым |
Дәстүр |
Денсаулық |
Discovery |
Дружные ребята |
Egemen Qazaqstan |
Ертегілер әлемінде |
Жалын |
Жас алаш |
Жас ғалым |
Жемқорлықпен күрес /борьба с коррупцией |
Жұлдыз |
Жыл - он екі ай |
Загадки истории |
Заң газеті |
Заңгер |
З.О.Ж. Здоровый образ жизни |
Игілік |
Иман |
Иностранная литература |
Индустриальная Караганда |
Qazaq |
Қазақ әдебиеті |
Қазақ спорты |
Казақ тілі және әдебиеті: әдістеме |
Қазақ тілі және елтану / Казахский язык и этнокультура |
Қазақ үні |
Қазақстан әйелдері |
Qazaqstan kasipodagy |
Қазақстан мұғалімі |
Қазақстан республикасы парламентінің жаршысы / Ведомости парламента Республики Казахстан |
Казахстанская правда |
Қала мен дала |
Караван историй. Коллекция |
Kitap patshalygy.qz |
Құқықтық Қазақстан |
Литер |
Мақалсөз |
Мәдени мұра |
Мәдениет |
Мәслихат және әкімдік /Маслихат и акимат |
Мөлдір бұлақ |
Мұқағали |
Мысль |
Настоящие рецепты на бис |
Новая газета - Казахстан |
Новости науки Казахстана |
Орталық Қазақстан |
Өркениет |
Парасат |
Простор |
Saqshy |
Сарбаз |
Смешарики |
Сөз өнері |
Спорт жұлдыздары |
Таң-Шолпан |
Тілашар. Түзету педагогикасы / Логопед. Коррекционная педагогика |
Толока. Волшебный |
Тұран-Түркістан |
Үкімет бюллетені / Правительственный бюллетень |
Үш қоңыр |
Ұлан |
Ұлы дала |
Ұстаз |
Urker |
Forbes Kazakhstan |
Forbes Kazakhstan |
Хан талапай АБС |
Шыңғысхан |
Юридическая газета |